Министр Оралов TikTok басшылығымен қазақтілді контентті дамытуды талқылады

840 просмотров
0
Ратель
Пятница, 16 Июн 2023, 13:00

Қонақтар өз кезегінде Қазақстанның мол әлеуетін атап өтіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов TikTok платформасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында компанияның өңірлік басшылары мен менеджерлері бар шетелдік делегацияны TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи бастап келген.

Тараптар қазақ тіліндегі контентті дамыту және қазақстандық спортты, мәдениет пен туризмді ілгерілету мақсатында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Читайте также
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары жанып жатқан орман алқабына 3500 тоннадан астам су төкті

- Біз үшін мемлекеттік тілде мәдениет, спорт және туризм бөлігінде контент дайындау басым бағыт саналады. Мен, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы ретінде, ақпаратты жеткізу үшін әртүрлі құралдарды қолдану қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымды өзім жүргіземін, сонымен қатар жақында Telegram-да канал аштым. Бұл ақпаратты жедел жеткізуге және уақыт көшіне ілесіп отыруға мүмкіндік береді. TikTok Қазақстанда тез танылды. Еліміздегі миллиондаған адам осы әлеуметтік желіде, соның ішінде қазақ тілінде видеороликтерді қарап, жобалар жасап, аккаунттарын жүргізіп отыр. Біз өз тарапымыздан кітаптар, фильмдер, спектакльдер және тағы басқасы болсын, қазақтілді контенттің үлесін арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз, – деді Асхат Оралов.

Қонақтар өз кезегінде Қазақстанның мол әлеуетін атап өтіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Біз басқа елдердегі министрліктермен өзара іс-қимыл жасаймыз және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ашықтығына қуаныштымыз, алдағы уақытта министрліктің жұмысын көрсетуге, аудиторияны жобаларға тартуға дайынбыз. Бізге қазақстандық нарық өте тартымды және қазақ тіліндегі контентті қолдаймыз. TikTok – қазақ мәдениетін бүкіл әлемге насихаттау құралы бола алады. Контент қаралымы көбінесе ел халқының санынан асып түседі, ал қазақстандық авторлардың миллиардтаған аудиторияға шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан біз ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Атап айтқанда, мысалы, жазда #кітапток челленджінің екінші толқынын іске қосуға болады. Сондай-ақ біз контент өндіруге арналған тренингтерді өткізуге дайынбыз, - деді TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР МСМ мен TikTok баспасөз қызметі бірлескен бірнеше жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, #Наурыз2023 онлайн-фестивалі аясында видеороликтер 200 миллионға жуық қаралым жинады, ал #BookTok жалпы әлемдік тренді аясында #кітапток акциясы – 40 миллион мәрте қаралды.

Өткен жылы "Kazakh Tourism ҰК" АҚ және TikTok кәсіби гидтерден тікелей эфирде виртуалды экскурсиялар сериясынан басталған #TravelKazakhstan жобасын іске қосты. Қазір осы хэштег бойынша роликтер 23,1 миллион қаралым жинап отыр.

Фото: t.me/askhat_oralov_online.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В Казахстане усиливаются обсуждения перехода на авиационное топливо SAF
Эксперты предупреждают, что это скажется на национальной безопасности страны
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане усиливаются обсуждения перехода на авиационное топливо SAF
Эксперты предупреждают, что это скажется на национальной безопасности страны
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента