Қонаевта қазақтың үш тарихи тұлғасына мемориалдық ескерткіш орнатылды

2284 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 24 Окт 2022, 15:00

Еске сала кетейік, биыл Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылған еді

Қапшағай су электр станциясының салынуына ықпал еткен Дінмұхамед Қонаев, Асанбай Асқаров пен Шапық Шөкинге мемориалдық ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл аталған станцияның бой көтеруіне елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалар Дінмұхамед Қонаев пен Шапық Шөкиннің туғанына 110 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаны атап өту мақсатында олардың құрметіне Қонаев қаласында мемориалдық ескерткіш қойылды.

Читайте также
Алматыда колледж студенттері төбелесіп қалды

"Биыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар, Қапшағай су электр станциясы жобасының авторы, Шапық Шөкиннің 110 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтардың еңбектеріне лайықты баға беріліп, мемориалды ескерткіш ашылды. Ата-бабамыз аңсаған егемендігіміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!" - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Салтанатты шара барысында мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев энергетика саласының ардагері Ерлан Қырқынбаевқа "Қонаевтың 110 жылдығы" мерекелік медалін табыс етті.

"Бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Айта кетсек, Шапық Шөкин Іле арнасын бөгеп, ағысы қатты өзен бойында су электр станциясын салу керектігін айтып, үлкен жобаны қорғап шықты. Содан кейін бұл идея сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа ұнап, станция құрылысы басталып кетті. Ал алғашқы іргетасы 1969 жылы қаланғаны бәрімізге белгілі. Іле өзені бойында су электр станциясы салынып қана қоймай, қазірде облыс орталығына айналған қала бой көтерді", - деп станцияның салыну тарихына тоқталды Ерлан Қырқынбаев.

Еске сала кетейік, биыл Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылған еді.

Фото: gov.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай