Қорғаныс министрі казиноға барған әскери қызметшілерге қатысты түсінік берді

1462 просмотров
0
Ратель
Четверг, 10 Ноя 2022, 11:15

Олардың арасында жоғары шендегі әскерилер жоқ

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казиноға барға әскери қызметшілерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қызылорда өңірінде қылмыстық иерархия құрған ұйымдасқан топтың 32 мүшесі ұсталды

"Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің қызметшілері бар. Олардың әрқайсысына қатысты қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша бұл әскери қызметшілердің одан әрі қызметті жалғастыруы мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдаймын. Сондықтан алдымен тергеу амалдарын толық жүргізіп алайық", - деді Р. Жақсылықов сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда министр аталған әскери қызметшілердің аты-жөні анықталғанын айтты.

"Қызметтік тергеу жүріп жатыр. Бұл - әскерилердің орташа құрамындағы адамдар. Атап айтқанда, олардың арасында жоғары шендегі әскерилер жоқ. Өйткені жоғары офицерлiк құрам лауазымындағыларда казиноға баратын уақыты жоқ, олар үнемі қызметте. Аталған оқиға бойынша біздің әскери қызметшілер ойынға салған қаражат сомасы қомақты емес", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, казиноға миллиондап ақша ұтылған мемқызметшілердің қаражатты қайдан алғаны зерттеліп жатқаны айтылған еді.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд