Парламент қоғамда дау туғызған заңды қабылдады

1745 просмотров
0
Ратель
Среда, 20 Апр 2022, 12:45

Парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді

Мәжіліс баланың құқығын қорғау туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Біз демократиялық өзгерістердің жаңа дәуіріне өттік – Тоқаев

Аталған заң жобасы қоғамда дау туғызған болатын. Қазақстандықтар билік балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілердің жұмысын шектейді деп алаңдады. Осыған байланысты парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды қарайтын сарапшылар комиссиясы құрылады және әлеуметтік желілерден тек кибербуллингке қатысты ғана материалдар өшіріледі.

"Сенат енгізген түзетулер мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты орналастыруға жол берген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуді көздейді", - деді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова.

Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды.

Заң жобасынан БАҚ саласындағы уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынын тасталды.

"Бұл түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді", - деді депутат.

Осылайша төменгі палата сенат енгізген өзгерістермен келісті. Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осы заңды әзірлеген әріптестеріне – Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғыс айтты. Бұған дейін елордада әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы митинг өткен болатын.

Фото: 24.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай