Парламентке жаңа Су кодексінің жобасын жақын арада енгізу керек - мәжіліс

1670 просмотров
0
Ратель
Пятница, 17 Июн 2022, 12:45

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артуы мүмкін

Парламент мәжілісіне жаңа Су кодексінің жобасын жақын арада енгізу керек. Бұл туралы парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан ҚОШАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

"Еліміздің су саласын дамыту үшін бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, жақын арада парламент мәжілісіне жаңа Су кодексін енгізу керек. Мендегі ақпарат бойынша бұл Су кодексі министрлікте әзірленіп жатыр. Бұл құжатты біздің қараумызға тез арада енгізу маңызды. Ең бастысы, кодекс су ресурстарын сақтауға және оларды тиімді пайдалануға бағытталуға тиіс", - деді Е.Қошанов мәжілістегі парламенттік тыңдау барысында.

Оның пайымынша, елді мекендерде сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі Бірыңғай оператор құру керек.

"Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам, ғалымдар мен сарапшылар қоғамдастығы, кәсіпкерлер бірлесіп, сындарлы жұмыс істеген кезде ғана біз мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді орындай аламыз. Бүгін Қазақстанның су саласын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін мазмұнды пікірталас болады деп ойлаймын. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз мұқият талданып, зерделенеді. Бүгінгі парламенттік тыңдаудың қорытындысы депутаттар мен Үкімет бастамашы болатын бірқатар тақырыптық заң жобалар аясында талқыланбақ", - деді мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа Су кодексінің жобасы 2023 жылы парламентке енгізіледі. 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артуы мүмкін.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд