Петропавлдағы апат: Кәріз коллекторы жарты ғасыр бұрын пайдалануға берілген

1100 просмотров
0
Ратель
Четверг, 19 Окт 2023, 12:00

Ал норматив бойынша 25 жыл ғана қолданылуы тиіс

Петропавлда жарылған кәріздік коллектордың тозығы жеткен. Құбыр 1966 жылы пайдалануға беріліп, содан бері ауыстырылмаған, деп хабарлайды Kazinform.

Читайте также
Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан елге оралды

Петропавлда жарылған кәріз коллекторының пайдалануға берілгеніне 57 жыл болған. Ал норматив бойынша 25 жыл ғана қолданылуы тиіс.

- 2019 жылдан бері бұл учаскені жөндеу бойынша құжат беріп келеміз. Қазір жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді. Осы уақытта апат орнын зерттеп және жұмыс көлемін, қандай материал керек – анықтап жатырмыз. Осыдан кейін қалыпқа келтіруге кірісеміз. Бұл коллектормен 1990 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Содан бері бірнеше рет жөнделді. Жалпы коллекторға 200-ге жуық үй қосылған. Кеше негізінен жертөлелерді су басу бойынша шағымдар болды. Бірақ мұның кешегі апатқа қатысы жоқ. Көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі ішкі кәріз құбырларының герметикасы нашар. Онымен сол үйлерге жауапты ПИК немесе мүлік иелері бірлестігі айналысуы керек, – дейді "Қызылжар су" ЖШС кешен бастығы Вячеслав ВИЗЕРОВ.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта мердігерлер Петропавлдағы Жуков көшесіндегі коллекторды ауыстыруға іске кірісті, 3 км жаңғыртылады. Одан кейін Абай көшесіндегі нысан жөнге келтіріледі.

Естеріңізге салайық, кеше Петропавлдағы Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында кәріз коллекторы жарылды. Салдарынан Абай көшесін су басты, аққан су жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне де кірді. 

Фото: ЖШС баспасөз қызметінен

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд