Петропавлдағы сепаратизм ісі: Сараптама аумақтық тұтастықты бұзуды насихаттау белгілерін анықтады

1283 просмотров
0
Ратель
Среда, 03 Мая 2023, 12:45

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде

Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде "Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау" белгілері бар екені анықталды. Психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесі туралы Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
4 пайыздық автокредит алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін

"2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі" құрылғаны жөніндегі видеоны əлеуметтік желілерде орналастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен (сепаратистік қызмет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Сол күні құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдардың тəжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар", - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, бас прокурор қылмыстық іс бойынша 3 фигурантқа қатысты Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау түріндегі" бұлтартпау шарасы санкцияланғанын еске салды.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд