Президент Ақордада Смайыловты қабылдап, үкіметке бірнеше тапсырма берді

1619 просмотров
0
Ратель
Суббота, 17 Дек 2022, 15:30

Премьер-министр экспортты нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды

Читайте также
Рүстем Әбдіраштың халықаралық фестивальдан бас жүлде алған тарихи фильмі Португалияда көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ премьер-министр Әлихан СМАЙЫЛОВТЫ қабылдады. Ол президентке Үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, үкіметтің экономикалық саясаты, сондай-ақ инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын дамыту шаралары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Смайылов 44 реттеу саласында бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талапты жою және қайта қарау, шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 38 мың жұмыс орнын аша отырып, құны 4,2 триллион теңге болатын 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, бірқатар ірі инфрақұрылым нысанын салу және басқа да жұмыстарды атқару көзделіп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар президент үкіметтің ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қорларының қызметін қайта жасақтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да жоспарларымен танысты.

Бұдан бөлек, премьер-министр экспортты, нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді қамтитын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жылға арналған болжамын жеткізді.

Читайте также
Президент: Мемлекетіміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы

Тоқаев Смайыловпен кездесу барысында үкіметке мынадай тапсырмалар берді:

  • елімізде қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалды қамтамасыз ету;
  • инфляция деңгейін төмендету;
  • денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту;
  • жылыту маусымының барысын ерекше бақылауда ұстау.

Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруды тапсырды.

Фото: akorda.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай