
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері өтеді
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайт.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Фото: assembly.kz.