Президент Душанбеде өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысады

1223 просмотров
0
Ратель
Четверг, 04 Мая 2023, 17:45

Келіссөз аясында өзекті өңірлік және жаһандық проблематикаға қатысты жемісті пікір алмасу өрбіді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде Душанбеде өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысатынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Алматыда 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік төлем кімдерге беріледі

"Келіссөз аясында өзекті өңірлік және жаһандық проблематикаға қатысты жемісті пікір алмасу өрбіді. Халықаралық аренадағы ұстанымдарымыздың жақындығы, көпжақты алаңдарда ортақ мүдделерді ілгерілетуге дайын екеніміз айтылды. Біз Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне жеке тоқталдық. Осы тұрғыда Ауғанстандағы қазіргі жағдайды талқыладық", - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның тұрақты дамуы осы аймақтағы барлық бауырлас халықтардың мүдделеріне сай екенін атап өтті.

"Осы тұрғыда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматындағы тығыз өзара іс-қимылды әрі қарай жалғастыруға келістік. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Душанбеде өтетін аймақ елдері көшбасшыларының саммитіне қатысатынымды растап, Тәжікстанның құрметті Президентіне осы шақыруы үшін алғыс білдіргім келеді", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде биыл Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесіне айналуы мүмкін екенін айтты.

Фото: akorda.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд