Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

975 просмотров
0
Ратель
Четверг, 08 Июн 2023, 15:00

Кездесу барысында президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

"Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық", – деді мемлекет басшысы.

Кездесу барысында президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Кристалина Георгиева Астана халықаралық форумына шақырту алғаны үшін алғыс айтты "Әлемдік экономикада белгісіздік белең алған шақта Астана халықаралық форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Әлемдегі бағыт-бағдарымызды айқындау үшін осындай диалог алаңдарының болуы өте маңызды. Ең алдымен, Сіздің еліңізде болған ауқымды өзгерістерді айрықша атап өткім келеді", – деді ХВҚ басшысы.

Фото: t.me/aqorda_resmi.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай