Президент мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

1067 просмотров
0
Ратель
Пятница, 21 Июл 2023, 13:00

Мәжіліс спикері конституциялық реформаның қорытындысы бойынша палатаның жұмыс форматына енгізілген өзгерістер жөнінде айтты

Мемлекет басшысына парламенттің төменгі палатасының VIII шақырылымының I сессиясы аясындағы қызметі туралы мәлімет берілді. Сессия басталғаннан бері мәжілісмендердің қарауында болған 82 заң жобасының 20-на депутаттар бастамашылық жасады. Олардың ішінде Заңсыз иемденілген активтерді қайтару, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама, Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, сұйытылған газ айналымы, электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу туралы және басқа да заңдар бар, деп хабарлайды Ақорда.

Читайте также
Үкімет Маңғыстау атом энергетикалық кешенін жөндеуге 4,9 млрд теңге бөлді

Мәжіліс спикері конституциялық реформаның қорытындысы бойынша палатаның жұмыс форматына енгізілген өзгерістер жөнінде айтты. Мәжілістің 6 партиялық фракциядан, сондай-ақ бір мандатты депутаттардан жасақталуы заң шығару жұмысының ашықтығын арттырып, сайлаушылармен кері байланысты күшейтті. Олар Үкімет мүшелеріне жолдаған депутаттық сауалдарында азаматтардың өзекті мәселелерін көбірек көтере бастады.

Өткен сессия барысында алғаш рет жылумен қамтамасыз ету саласындағы басқаруға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды және аталған салада кешенді проблемалар бар екені анықталды.

Депутаттар қоғамдағы, соның ішінде өңірлерге жасаған сапарлары кезінде жинақтаған проблемалар бойынша жауапты министрліктер басшылығының алдына бірқатар нақты мәселе қойды. Жылу электр орталықтарын және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Қазіргі таңда мәжілісмендер өңірлерде халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Сапар барысында Мәжілістің келесі сессиясында қаралатын Су, Бюджет, Салық және Қала құрылысы кодекстерінің жобалары бойыншаталқылаулар ұйымдастырылып, ұсыныстар жинақталады.

Сонымен қатар Ерлан ҚОШАНОВ парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты. Сессия басталғаннан бері Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан парламенттерінің басшыларымен және басқа да елдердің заң шығарушы органдарының өкілдерімен кездесулер өткізілген.

Фото: Ақорда.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Meta заплатит до $17,1 млрд по делу о безопасности детей, катастрофа в Непале и пёс над вулканом
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай