Прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды

1764 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 31 Окт 2022, 17:30

Атырау прокуратурасының өкілі Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл жаза беруді ұсынды. Бұған қоса ол "Құрмет" орденінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
"Мұқағали" фильмі Дубайдағы халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін, 31 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Сот отырысында прокуроратура өкілі Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және "Құрмет" орденінен айыруды ұсынды.

"Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын", -деді Лаура Асанова.

Прокуратура өкілі облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевты 7 жылға, пара беру күдігіне ілінген Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен "Б" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылғы наурызда тағайындалған еді.

Читайте также
Президент ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

Былтырғы желтоқсанда ол тергеу изоляторына қамауға алынды.

Осыған байланысты биылғы тамызда облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ал, 11 тамызда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы басталды. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Алғашқы сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасып, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары жіберген қателігі туралы айтты.

Бұдан кейінгі сот отырысында басқарма басшысы оған жала жапқаны туралы айтқан еді.

Кейін Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберілмегенін жазған едік.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай