Qazaq Oil Қазақстанның шалғай ауылдарындағы спорт саласына миллиондап қаражат салуда

1014 просмотров
0
Ратель
Пятница, 29 Дек 2023, 12:00

Ауыл мектептеріне үстел теннисіне арналған 100 жиынтық жеткізіледі

Qazaq Оil компаниясы ауыл мектептеріне тенниске арналған 100 үстел жеткізеді, деп хабарлайды Ratel.kz.

“100 ауылда 100 үстел теннисі” жобасының мақсаты - шалғай аймақтарда тұратын балаларды спортқа баулу. 

Читайте также
Белсенді бизнес: Qazaq Oil компаниясы қазақстандық ватерполшыларды қолдады

“Біз балалардың жаттығуға мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Тенниспен айналысып, халықаралық жарыстарға қатысса, нұр үстіне нұр болар еді. Нағыз талантты болашақ чемпиондар шалғай ауылдарда да бар. Біздің командамыз спортқа жағдай жасалмаған мектептерді іздеді. Басты мақсат шалғай ауылдардағы оқушыларда да спортқа қажетті инфрақұрылым болғаны”,- деді Qazaq Oil маркетинг бөлімінің басшысы Мира АБЕНОВА.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 13 млн теңге жұмсалды. Жаңа жылға дейін 50 үстел орнатылды. 

“Біз Qazaq Oil компаниясына осы сыйлығы үшін алғыс айтамыз. Біздің оқушылар спортты жақсы көреді. Енді оларға үстел теннисімен айналысуға мүмкіндік туды. Спортпен шұғылданған балалардың болашақта өмірлік көзқарасы  дұрыс әрі белсенді болады”, - деді Шортанды ауылындағы  №2 мектеп директоры Даурен ЖАПАРОВ.

Қаңтар айының соңына дейін спорт жабдықтарын барлық мектеп алатын болды. Ал дене шынықтыру мұғалімдері балаларды жаттықтыратын болады. 

Жобаны жүзеге асыруда Қазақстан Үстел теннисі федерациясы компанияға серіктес болып отыр. Қазақстандағы спорт мәдениет және әлеуметтік сала жобаларын қолдау Qazaq Oil компаниясының басты мақсаты болып отыр. 

“Бизнес тек табыс тауып қана қоймау керек. Ол туған елінің спорты мен мәдениетіне де қаражат салуы керек. Әлеуметтік жауапкершілік – заманауи кәсіпкерліктің және біздің компанияның басты құндылығы боп отыр”,  - деп сенімділік танытты  Qazaq Oil бас директоры Тулемис ШОТАНОВ.

Читайте также
Qazaq Oil мен "Джулия" ел тарихын ән мен күйге бөлеп жатыр

Жақында ғана компания Астанадағы 4000 мұқтаж отбасыға жалпы салмағы 120 млн теңге болатын азық түлік себетін таратты. Компания дәстүр бойынша спорттық бастамаларға көңіл бөледі.  

Қазақстандағы жанармай станцияларының ірі желісі паралимпиада, бокс, “Қайрат” футбол клубымен әріптестік орнатқан. Сонымен қатар, биыл компания су добы спортының доптарын өндіруге демеуші болды. 
Компанияның өз ішінде “спорт философиясы” салтанат құрады. 

Qazaq Oil қызметкерлері арасында марафон, жарыстар жиі ұйымдастырылады. Биыл желтоқсанда Qazaq Oil Астана қаласында “Джулия” мюзиклінің гастролін қолдады. Келер жылы да компания әлеуметтік, мәдени, спорттық салалардың дамуына үлес қоспақ.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе