Qazaq Oil кез келген автожанармай құю станциясын сәтті бизнеске айналдырып отыр

1664 просмотров
0
Ратель
Вторник, 28 Ноя 2023, 14:00

Кәсіпкер Жандос Оразалиев төрт жылда компания франшизасымен үш жанармай құю станциясын ашты

Кез келген бизнестің сәтті болуы көп нәрсеге байланысты, ал автожанармай құю станциясының жұмысын жүргізу бәрінен қиын. Клиенттер ең алдымен жанармайдың сапасы, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен сыртқы кешенге баса мән береді. Кәсіпкерлер өз алаңдарын барынша функционалды етуге тырысады. Бұл орындар қазір тек жанармай құятын жер емес, кездесу орнына айналған. Осы бағытта аса үлкен жасампаздық танытып отырған Qazaq Oil компаниясын атап өтпесе болмас. Мысалы, кәсіпкер Жандос ОРАЗАЛИЕВ 4 жылда QO біріге отырып, үш автожанармай құю станциясын ашқан.

- Менде дайын автожанармай станциясы болды. Мен оны жалға беріп отырғам. Алайда ол керемет табыс әкелмеді. Бәрі тұрақсыз болды. Сол кезде мен бизнесті дамыту туралы ойлана бастадым. Ірі мұнай компанияларымен серіктестік туралы ой келді. Сол кезде Qazaq Oil компаниясына назар аудардым, - деді Оразалиев. Істеп тұрған бизнеске тек қана танымалдығын асыру ғана қалғанын түсінген кәсіпкер компаниямен серіктестікке бел буды. Атап айтқанда, Qazaq Oil көп шығынды қысқартуға көмектеседі. Мысалы, компания үнемі майдың сапасын тексеріп, оны өзі жеткізіп тұрады. Бүгінде 40 жуық компания  Qazaq Oil компаниясымен франшиза бойынша серіктес боп отыр.

- Осы компаниялардың жұмысын зерттей келе, нарықта франчайзинг программасын ұсынып отырған Qazaq Oil компаниясын таңдадым. Осы бағдарлама бойынша менің қызметкерлерім оқудан өтті. Сонымен қатар, сапалы мұнай өнімдерін уақытында жеткізуге кепілдік алдым. Qazaq Oil талондары мен карталарын қабылдап, бірегей жарнамаға, маркетингтік саясатына қатысуға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ, брендтің танымалдығына байланысты сауда өсті. Белсенді клиенттік аудиториямыз көбейді. Франчайзинг бойынша серіктестігіміз 2019 жылы басталды. Бұл жергілікті халықты жұмыспен қамтуға,  көліктерді сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік берді,- деді кәсіпкер.

Qazaq Oil клиенттері тек қана сапалы өнімге қол жеткізіп қойған жоқ. Кәсіпкерлер де қызметкерлер сияқты оқу процесінен өтіп, толық құжаттар пакетін алады. Франшиза бойынша істеп тұрған ЖҚС немесе жаңадан салынған нысанды қолдануға болады. Алайда, жер учаскесі дұрыс рәсімделген әрі барлық құрылыс нормаларына сай жасалған болуы тиіс. Qazaq Oil өз кезегінде жұмыстың регламенті мен алгоритмін ұсынады.

- Біздің әріптестігіміз сәтті болып, табыс келтіре бастады.  Осы уақытта компания да орнында тұрған жоқ “КазМунайГаз” атауын Qazaq Оil деп өзгертті. 2020 жылы филиал директоры  Әлібек УМБЕТАЛИЕВтен тиімді шарттармен жаңа форматтағы АЖҚС ашу туралы ұсыныс келді. Серіктесіме сеніп, 2021 жылы екінші станциямды аштым. Бұл орталықтың атауы жаңа  Qazaq Оil брендімен аталды. Менің екінші кешенімде 15 адам жұмыс істеп жатыр, - деді Оразалиев.

Кәсіпкерлер жобаны өз қаражатына немесе қарызға алып жүргізе алады. Ең бастысы АЖҚС (автожанармай құю станциясы) басқару құқығы өзінде болады. Айта кету керек, әр кәсіпкермен келісім шарт жеке жасалады, өтінімдерді комиссия қарайды.

- Біздің АЖҚС тұтынушылар үшін сапалы бензинмен, тауарлардың мол ассортиментімен, дәмді тағамдар дайындалатын гастрономиялық бағытымен,  Vlife бонустар жүйесімен тартымды боп отыр. Vlife бонустар жүйесінің нарықта баламасы жоқ тиімді акциялар екенін бәрі біледі,- деді компаниядан.

АЖҚС клиенттері қазір өте талапшыл боп келеді. Оларға жай ғана көлікке автожанармай құю жеткіліксіз. Адамдар жүрек жалғап, әңгімелесіп, жолға кофе алғысы келеді. Сонымен қатар, әжетхананың да таза, жайлы болғанын қалайды. Сондықтан, Qazaq Oil партнердің қызмет көрсету сапасын бақылайды. 

Жанармай станцияларында клиенттердің электронды шағым жасау жүйесі енгізілген. Адам кассадан қашықтамай ақ, арнайы QR-код арқылы электронды формаға шағымын толтыра алады.  Кассирлердің жұмысы жасанды интеллект арқылы бақыланады. Жалпы алғанда, сыпайы әрі мейірімді қызметкер клиент тарту үшін де, АЖҚС жақсы жұмысы үшін де маңызды. Барлық цифрлық жобалар партнерлерге франшиза аясында компаниядан беріледі. Бұл бизнесті басқаруды жеңілдете түспек.

- 3 желтоқсанда  Шымкентте менің үшінші станциям ашылды. Бізде мини кафе қызметі, адамдардың кең отырып сөйлесетін, кофе ішетін шағын аймағы бар. Qazaq Oil тұрақты, тиімді партнер. Әлбетте мен олармен серіктестікті жалғастырамын,- деді Жандос Оразалиев.

Vlife лоялдылық жобасы арнайы Qazaq Oil автожанармай құю станциясының клиенттері үшін жасалған. Клиенттердің шотына бензин сатып алғаны үшін бонус жиналады. Оны тек қана жанармай станцияларында ғана емес ұялы байланыс төлемін төлеуге, коммуналды қызмет, ақылы жолдарды төлеуге қолдануға болады. Qazaq Oil франшизасы орта және шағын бизнеске жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерден қаржылай салым керек. Сонымен қатар, бәсекеге толы салада жоғарғы стандарттарға сәйкес болу үшін кәсіпкердің біліктілігі маңызды. Алайда  Qazaq Oil компаниясымен серіктес бизнесмендердің айтуынша, франшизаның арқасында олар жаңа тәжірибе жинақтап, тиімді серіктестік орнатып, табыстарын ұлғайтып отыр.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента