Qazaq Oil топ менеджерін халық ең үздік әйнек жуушы деп атады

1894 просмотров
0
Ольга ВОРОНЬКО
Пятница, 29 Сен 2023, 11:00

Qazaq Oil топ менеджерлері төрт сағат бойы клиенттердің көліктеріне жанармай құйып, терезелерін сүртіп, кофе дайындап, күлімдеп қызмет көрсеткен

Qazaq Oil автожанармай станцияларының желісі ынтымақтастық күнін өткізді. Бұл күні компания басшылығы мен Қазақстан бойынша барлық желілердің қызметкерлері автожанармай құю станцияларында жай жұмысшы болып қызмет атқарды. Яғни, басшылық қарапайым кассир, оператор, сауда залының қызметкері болып жұмысқа шықты.

Астана қаласындағы жанармай станцияларының бірінде менің көлігіме Qazaq Oil автожанармай кешендерін басқару депарматентінің бас менеджері Арман ЧИНДАЛИЕВ (суретте) жанармай құйды. Бұл кісі Қазақстандағы барлық автожанармай құю кешендерінің жұмысына жауап береді.

- 95 маркасын құйып көресіз бе? Бұл әлемдік TotalEnergies  француз компаниясының брендтелген жанармайы боп табылады. Сіздің көлігіңіздің қозғалтқышы лайланбайды. Жанармай жүйесі тот басудан аман болады. Ал сіз қаражатыңызды үнемдейсіз. Терезеңізді жуып берейін бе?  – деді бас менеджер.

Автожанармай құю кешендерін басқару Департаментінің директоры Гульмира БЕРМАҒАМБЕТОВА (суретте) кассир қызметіне шығып, төлем кезінде маған сиыр еті мен тауық еті қосылған хотдог ұсынды.

Qazaq Oil ұлттық жанармай станцияларының желісі ашылғалы бері реконструкциядан өткен "ҚазМұнайГаз" автожанармай станцияларында 3 айда бір рет жанармай станциялары командаларының арасында 6 номинация бойынша сайыс өтеді.

Кім 4 сағатта ең көп қызмет көрсетіп, ең көп жарнама жасап, көп тауар сатады, солардың арасында чемпион анықталады.

Читайте также
Qazaq Oil открывает три кафе в столице под брендом Q-cafe

- Әйелдер - кассада, ерлер жанармай колонкасының жанында қызмет етеді, - деді Гульмира Бермағамбетова. – Мысалы, колонкада қызмет етіп тұрған оператор бүгінгі байқаудың шарты бойынша әйнек жуатын сұйықтықтың сатылымын арттыру керек. Сонымен қатар, ол клиенттерге бакты толтыруға ұсыныс жасап, жанармай сатуды арттыруы керек. Біздің брендтелген TULPAR жанармайын жарнамалап, 95 маркалы бензиннің артықшылығын айтуы керек. Біздің автожанармай құю станцияларында тауар ассортименті ай сайын артып келеді. Қазірдің өзінде халық тұтынатын 2 мың аталым тауар сатылады. 

Ал жаңа брендтелген жанармай туралы жобаны біз 1 қыркүйектен бастап енгіздік. Біздің TULPAR энергетик сусыны сапасы бойынша "Ред булл" сусынымен бәсекелесе алады. Бағасы анағұрлым арзан. Осы брендті іске қосқанда Минимарттарды басқару Департаментінің қызметкерлері сусынды жасау, дегустация процесіне қатысты. Біз клиенттерге бұл тауардың сапасы туралы сенімді айта аламыз. Әр станцияда арнайы журнал бар. Ол журналға клиенттердің қалауы мен ұсынысы жазылады. Яғни, клиент келіп "мен шетелдердің автожанармай құю станцияларынан мынаны көрдім. Осы тауар сіздерде жоқ екен" десе, Минимарттарды басқару Департаменті жеткізушілерді іздеп, келісім шартқа қол қоюға кіріседі. Биыл жаңа қызмет түрі байланыссыз жанармай құю қызметі енгізілді.

Клиент бонустық Vlife қосымшасына кіреді де, келетін локациясын таңдап, қанша уақытта келетінін хабарлап, автожанармай құю станциясына кірмей ақ жанармай құя алады.

…4 сағатта Арман Чиндалиев жүзге жуық көлікке жанармай құйып үлгерді. Көпшілігінің терезесін жуып берді.

Читайте также
Qazaq Oil возвёл форпост на Шёлковом пути

- Мен бұған дейін сайыстарға қатысып көрмеппін. Өйткені ылғи іссапарда жүремін, бірақ көліктерге жанармайды ылғи құямын, - деді Ratel.kz тілшісіне бас менеджер. – Біз үнемі обьектілерге барып іссапарда жүреміз. Инвентаризация кезінде операторлар кейде қоймаға тауар тасып жүріп қалуы мүмкін. Сол кезде операторға көмектесу үшін мен колонкаға шығамын. Біздің компанияның басшыларының барлығы автожанармай құю стансаларына шыққанда  солай істейді. Терезені де жуып береді. Қатпайтын сұйықтықты да құйып береді. Кассаға да тұрады, кофе де сатады. Бұл жағынан ешқандай проблема жоқ. Көлік терезесін тегін сүрту қызметін іске қосқанда топ менеджерлердің өздері қызметкерлерге шеберлік сабағын өткізген болатын. Былтыр Ынтымақтастық күнін өткізген кезде біздің операциялық  директор Иван МЕЛЬНИЧЕНКО 4 сағат бойы астана тұрғындарының көлігіне жанармай құйып, терезелерін сүрткен. Осы үрдістен соң Тугис қосымшасында пікірлер күрт өсіп, жанармай станциясында өте жақсы жігіт қызмет көрсеткенін жазған.

Фото и видео@Ratel / Ольга Воронько.

ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСІП, МАҚАЛАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН  ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана