Ресей “өлім экономикасымен” өмір сүре бастады

2163 просмотров
0
Ратель
Суббота, 25 Янв 2025, 12:00

Майданда қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары қомақты өтемақы алады

Өткен жылдың 19-қарашасында “The Wall Street” газеті Ресей-Украина соғысына 1000 күн толуына орай жариялаған сараптамасында ресейліктердің шығыны көп соғысты айыптамауының астарындағы экономикалық факторларға тоқталды, деп жазады Abai.kz.

Читайте также
Ресей қоғамы қылмысқа тұншықты. Бұл әлі басы ғана

Әйгілі басылымның жазуынша, қазір ресейліктер үшін соғысқа бару – ұтымды экономикалық таңдауға айналған. Оған себеп, ресми статистика Ресейдегі кедейлік деңгейі 1995 жылы деректер жинау басталғаннан бергі ең төменгі көрсеткішке түскенін көрсеткен. Ресей үкіметі жоғары жалақы мен сыйақы тағайындау арқылы әскер санын көбейткен. Ресейдің кейбір кедей аймақтарында әскерилердің жалақысы орташа деңгейден бес есеге артқан.

Майданда қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары Ресей үкіметінен қомақты өтемақы алады. Қанмен келген бұл ақша өз кезегінде экономиканы демеп, Ресейдің кедей аймақтарында жинақтардың көбеюіне, жаңа тұрғын үй құрылысының жандануына әкелген. Ресейліктердің мұндай қатыгез “соғыс экономикасына” еті үйренген.

Ресейлік экономист Владислав ИНОЗЕМЦЕВТІҢ есептеуінше, егер 35 жастағы азамат қан майданда бір жыл соғысып, кейін қайтыс болса, оның отбасы солдаттың жалақысы мен өлім қаражатын қоса есептегенде 14 миллион 500 мың рубль, шамамен 150 мың доллар алады екен. Бұл қатардағы жұмысшының 60-қа келгенше тапқанынан әлдеқайда көп. Қаралы отбасылар басқа да сыйақылар мен сақтандыру төлемдерін алуға да құқылы екен.

Иноземцев ресейліктердің алдынғы шепте бір жыл жүргендегі тапқаны – өмір бойы тер төгіп еңбек еткенінен әлдеқайда табысты болатын бұл құбылысты экономикалық тұрғыдан бағалап, “өлім экономикасы” деп атаған.

Читайте также
Ресейде ажырасу саны тарихи максимумға жетті

Соғыс басталғаннан бері Ресей үкіметінің әскери шығындарды Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ең жоғары деңгейге жеткен. Әскери зауыттары тәулік бойы жұмыс істеп, жұмыс орын және жоғары жалақымен қамтамасыз еткен. Өлім қаражаты да экономиканы жақсартқан. Ресей армиясының адам шығынының көп болуына байланысты бөлінген сома да айтарлықтай өскен. 2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың маусымына дейін қайтыс болғандардың өлім қаражатына 30 миллиард доллар өтемақы төленген.

Украинада соғысып жатқан сарбаздарға ең төменгі айлық 210 000 рубль (2 140 доллар) төленеді, бұл елдегі орташа жалақы 75 000 рубльден айтарлықтай жоғары. Шабуылдық әскери операцияларға қатысып, ұрыс даласында ерлік көрсеткендер қосымша бонустар алады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары да қосымша ынталандырулар береді. Қаза тапқан сарбаздардың отбасылары федералды, аймақтық және сақтандыру төлемдері ретінде 15 миллион рубльден (150 000 доллар) астам өтемақы алады.

Соның әсерінен кейбір аймақтарда экономиканың “қызуы” байқалған. Орталық банк деректері бойынша, шалғайдағы Тува аймағындағы кедейшілік деңгейі республикалық орташа деңгейден үш есе төмен болса да, 2022 жылғы қаңтардан бері банк депозиттері 151%-ға өскен. Орталығында жаңа тұрғын үйлер кешені көптеп салынған. Алтай аймағында мейрамханалар мен барлардың кірісі өткен жылмен салыстырғанда 56% өскен, бұл жалпы ел бойынша 9%-дық көрсеткіштен 6 есе жоғары.

Фото: коллаж stopcor.org.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай