Roche мен Pfizer Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіреді

861 просмотров
0
Ратель
Вторник, 16 Янв 2024, 13:00

2024 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап "Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы" АҚ базасында Roche компаниясының ісікке қарсы препараттарын шығару жоспарланған

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer және Roshe компанияларының Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Читайте также
Ұялы байланыс операторларына 3 млрд 288 млн теңге айыппұл салынды

“Қазіргі кезде технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін қажет инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. BIGPHARMA фармацевтикалық компаниясымен, сондай-ақ келісімшарттық өндіріс жобалары бойынша АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия және Жапониядан келген басқа инвесторлармен жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде тұр. Осы жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру инновациялық бірегей дәрі-дәрмекті алуға және озық медициналық техниканың мүмкіндіктерін емін-еркін пайдалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, 2024 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап “Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы” АҚ базасында Roche компаниясының ісікке қарсы препараттарын шығару жоспарланған.

“Сонымен қатар, Pfizer компаниясымен Қазақстан Республикасында “Превенар-20” пневмококкты вакцинаны оқшаулау жобасы бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір инвестициялар туралы келісімнің жобасы пысықталуда. Вакцина өндірісінің басталу кезеңі инвестициялар туралы келісімде айқындалады”, - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығындағы импорт үлесіне қатысты мәлімет берді.

“Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің дерегі бойынша, 2022 жылы фармацевтика саласының өндірісі 162,6 млрд теңге болды. 2023 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 131,0 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар Қаржы министрлігінің деректеріне қарағанда, 2022 жылы экспорт көлемі 32,2 млн АҚШ доллары, импорт 1,7 млрд АҚШ доллары шамасында болды. Ал 2023 жылдың 11 айында фармацевтика өнеркәсібінің экспорты 14,4 млн АҚШ долларын, ал импорт 1,6 млрд АҚШ долларын құрады”, - делінген ведомство ақпаратында.

Фото: Pexels.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай