Салалық заңдардағы Елбасы туралы 20-дан астам норманың күші жойылады

1211 просмотров
0
Ратель
Пятница, 13 Янв 2023, 12:30

Әділет министрінің айтуынша, бұл мәселе кешенді жұмысты қажет етпек

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев парламент палаталарының бірлескен отырысында "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заң қабылданса, өзге салалық заңдарға қандай өзгеріс енетінін түсіндірді, деп хабаралайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Президент саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық кітаппен танысты

"Қолданыстағы заңнама нормаларында "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңда туындайтын немесе оған байланысты бірқатар басқа заңдар бар. Осыған байлалынсты бұл заңнамалық актілер қалай болады деген сұрақ туындайды. Ол нормалардың да күшін жою қажет деп есептеймін. Әділет министрлігі осы бағытта қолданыстағы заңнамаға тексеру жүргізді ме? Осындай қанша заң бар және оларды қашанға жоспарланып отыр?", - деп сұрады мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.

Әділет министрінің айтуынша, бұл мәселе кешенді жұмысты қажет етпек.

"Шынында да біраз заңда тұңғыш президент туралы құжатта көзделген біраз өкілеттіктер мен мәртебе туралы нормалар бар. Әртүрлі салалық заңдарда, мысалы, әлеуметтік, білім беру сияқты салалық заңдарда бар. Біз соны анықтап қарадық. 20-дан астам заңда сондай нормалар бар. Бірақ олардың күшін жою – кешенді жұмыс. Оларды анықтап, тиянақты заң шығару тәртібімен қарастыру керек", - деді Азамат Есқараев.

Еске сала кетейік, бүгін палаталардың бірлескен отырысында Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды.

Фото: misk.org.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд