Сапасыз байланыс Сарыөзек халқының қанын ішті

2217 просмотров
0
Алия АХМЕДИЕВА
Понедельник, 24 Мар 2025, 15:00

Халық мобильді байланыстың нашарлығына жиі шағынданады

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғындары әлеуметтік желілер мен жергілікті белсенді Мұратбек СОЛТАНБАЙДЫҢ парақшасында екі ұялы байланыс операторының атына ұжымдық өтініш жариялады. Олар шағымында байланыстың жиі үзілетіні мен сапасының төмендігін айтады.

Читайте также
"Қаптаған қытай" Сарыөзектегі тас жолдың быт-шытын шығарды

- Құрметті Beeline және Tele2 компанияларының өкілдері! Сіздерге Сарыөзек ауылының тұрғындары атынан ресми шағым жолдап отырмыз. Көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы өте төмен.

Тарифтік жоспарлардың жоғары құнына қарамастан (ең төменгі абоненттік төлем 5900 теңге), байланыс сапасы сын көтермейді. Дауыстық байланыс тұрақсыз, қоңыраулар жиі үзіліп кетеді, ауылдың кейбір аудандарында мүлдем байланыс жоқ. Интернет жылдамдығы өте төмен, 3G/4G қамту ресми түрде бар болғанымен, деректерді беру жылдамдығы өте баяу, бұл қарапайым онлайн қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Байланыс тұрақсыз, әсіресе кешкі уақытта жиі үзіледі. Бұл жағдай тұрғындар арасында жаппай наразылық тудыруда. Біз, абоненттер, жоғары тарифтерді төлей отырып, байланыс сапасының жарияланған стандарттарға сай болуын күтеміз.

Біз Сарыөзек ауылындағы желілік инфрақұрылымға аудит жүргізіп, техникалық ақауларды жоюды талап етеміз. Байланыс қамту аймағын кеңейтіп, базалық станциялардың қуатын арттыру қажет. Мәселе толық шешілгенге дейін тариф бағасын төмендету мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз, өйткені қазіргі бағалар көрсетілетін қызмет сапасына сай емес. Байланысты жақсарту бойынша жұмыс жоспары көрсетілген ресми жауапты 10 жұмыс күні ішінде берулеріңізді сұраймыз. Егер ешқандай шара қабылданбаса, тұрғындар ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне, Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне жүгінуге мәжбүр болады, - делінген Кербұлақ ауданы тұрғындарының шағымында.

Читайте также
Tele2 және Beeline тарифтері қымбаттап, қанды ішіп жатыр

Шағымданушылардың айтуынша, олар диалогқа ашық және байланыс операторларының өкілдері мен жергілікті әкімдік өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруға дайын. Ауыл тұрғындарының өтініші астында байланыс операторларының бірінің пікірі пайда болды. Олар шағымдарды жеке жолдауды сұрап, әрбір өтінішті жеке қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Кербұлақ ауданының Беріктас ауылының тұрғындары өз қаражатына ұялы байланыс мұнарасын орнатқан болатын, алайда оны заңдастыра алмаған. Осы ауданға қарасты Шаған ауылының студенттері 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде онлайн сабақтарға қосылу үшін тауға шығып, интернет ұстауға мәжбүр болған.

Фото: © Ratel.kz / Алия Ахмедиева.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента