Сарыөзек тұрғыны экс-әкімді “шетелдіктерге жер сатты” деп айыптады

1756 просмотров
0
Алия АХМЕДИЕВА
Среда, 19 Фев 2025, 14:00

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев ешқандай заң бұзылған жоқ деп ақталуда

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында қоғам белсендісі Серік АХЛАСОВ соңғы төрт айдан бері сенатор Ғалиасқар САРЫБАЕВТЫҢ заңсыз әрекеттерін әшкерелеуге тырысып келеді. Оның сөзінше, Сарыбаев мырза Кербұлақ ауданының әкімі болып тұрған кезінде бір жер учаскесін шетел азаматына заңсыз сатып жіберген-мыс.

Қазір әлгі жерде Қазақстан-Сингапур цемент зауыты жұмыс істеп тұр. Ол зауыттың жұмысына аудан тұрғындары тарапынан жиі шағым түсетіні бөлек әңгіме. Жақында Серік Ахласов осы кәсіпорын мен сенатор туралы ҚР ҰҚК төрағасына ресми хат жолдады.

Читайте также
"Қаптаған қытай" Сарыөзектегі тас жолдың быт-шытын шығарды

- ҰҚК менің хатыма жауап берген жоқ, жергілікті прокуратураға сілтей салды, ал прокуратура Жер комитетіне сырғыта салды. Біз білікті азаматтармен бірге бұл жер телімінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жататынын анықтадық. Алайда ресми құжаттарда ол жер учаскесі “ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы және басқа да жерлер” санатына енгізілген.

Онымен қоса, бұл жер учаскесін бір санаттан екіншісіне ауыстыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы жоқ. Демек, бұл жер телімін беру цемент зауытының құрылысына беру – заңсыз болған. Бұған қоса, ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер телімдерін меншікке беру немесе жалға беру аукцион арқылы өтуі тиіс. Тек инвестициялық жобаларды іске асыру жағдайында ғана жер учаскесі тікелей берілуі мүмкін.

Біз зерттеген материалдарда цемент зауытының құрылысы инвестициялық жоба ретінде танылғанын растайтын ешқандай құжат жоқ. Сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар және қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығына ие бола алмайды, - дейді Серік Ахласов.

Біз сенатор Ғалиасқар Сарыбаевпен байланысып, оған жергілікті тұрғындардың барлық өтініштері мен жиналған құжаттарды, оның ішінде Сарыбаев мырза Кербұлақ ауданының әкімі болған кезде қол қойған кейбір ресми құжаттарды жолдадық.

- Есіме енді түсіріп отырмын. Меніңше, ол инвестициялық жоба болатын. Ол жерге зауыт салынды, ол жұмыс істеп тұр, онда 300-ден астам адам жұмыс істейді. Әрине, зауыттың жер телімі инвестор мен меншік иесіне тиесілі болуы тиіс, әйтпесе олар қалай жұмыс істемек? Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ, - деп түсіндірді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Фото: ашық дереккөзден.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Микробизнес под микроскопом – государство изучает, но не помогает
Казахстанские ИПшники выживают вопреки системе, придуманной вроде как для них
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Метания правительства: реформа или откат к ручному управлению?
Экстренные меры по стабилизации экономики перечеркивают логику заявленных преобразований
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента