Семейдегі ескі көпір құлап түсетін сияқты

2424 просмотров
0
Ратель
Вторник, 18 Мар 2025, 14:00

Бірақ шенеуніктер алаңдауға негіз жоқ дейді

Читайте также
Дүркіреген “Газпром” еді. Тазпром болды…

Семейліктер ескі көпірмен жүруден бас тартып жатыр. Себебі, тозығы жеткен өткелде жарықшақтар пайда болған. Жүргізушілер көлік қозғалысын тоқтатпаса көпір опырылып ортасына түсе ме деп қауіптенеді, деп хабарлайды Информбюро 31.

Ал мәселені шешетін шенеуніктер, керісінше дүрбелең туғызып, түрлі әзіл видео таратып жатқандар жазаланады деп ескертеді. Тіпті полиция тұрғындарға қорқыныш ұялатқан бірнеше жүргізушіге айыппұл салып үлгерген.

- Семейде жарты ғасыр бұрын салынған көпір қазір апатты жағдайда тұр дейді тұрғындар. Тозығы жеткен өткелдің бетондарында саңылаулар пайда болып, бағаналары үгітіліп жатыр. Сондықтан көпірмен өтуге жүргізушілер жүрексініп қалған, - дейді арнаның тілшісі Динара ЕРБОЛҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желіде таралған бұл фото семейліктердің үрейін одан сайын үдетті. Көлік иелері бұл жерден айналып өтуге тырысамыз дейді. Жұрт арғы бетке басқа жолдармен жетіп, уақыт жоғалтатын болдық деп күйінеді.

- Әлеуметтік желіде таралған фотосурет бойынша ана трещинаға байланысты қазір ол жолмен жүруді тоқтаттық. Себебі өте қауіпті. Енді күрделі бір ремонттан өткізу керек шығар. Содан кейін барып бірақ жүру керек шығар. Қазір жүруге даже қорқып қалды халықтың бәрі, шыны керек, - дейді Семей қаласының тұрғыны Жарқын ҰЗАҚБАЕВ.

- Аварийное состояние дейді. Мен сол мосттың қасында елу жылдай болды уже тұрып жатқаныма. Бұл мост скоро құлайды. Бірақ ана мост әлі жасалып біткен жоқ. Ертісті жағалап өтеміз бе? Бұл үкімет қайда қарап отырғанын енді кім біледі енді, - дейді Семей қаласының тұрғыны Берік МОЛДАХАНОВ.

Читайте также
Этнограф: қазақта Амал деген мереке жоқ

Қалада тағы бір аспалы көпір бар. Қазір мына жақтан қашқандар сол өткелмен жүруге мәжбүр. Ал мамандар тексеріс жүргізіп, көліктер енді бұрынғыдай төрт жолақпен емес, тек екі жолақпен жүрсін деген шешім шығарыпты.

- Сараптама қорытындысына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі мен жол полициясы бірлесіп көпірдегі жүктемені азайту мақсатында жолағын шектеу шешілді және көпірде рұқсат етілген ең жоғарғы массаны белгілеу шарасы қабылданды. Сондықтан қазір көпірдің жағдайы эксплуатацияға жарамды, - деп қояды Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат ЕСЕЕВ.

Шенеуніктер алаңдауға негіз жоқ дейді. Өйткені көпірдің астыңғы құрылғылары ауа райына байланысты қозғалып тұрады деген уәж айтады. Сондықтан көктем мезгілінде сетінеп, саңылау пайда болуы қалыпты жағдай екенін жеткізді. Ал парақшасына әзіл видео салып, көпшілікті шошытқан жандар айыппұл арқалады.

Фото: әлеуметтік желіден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Украина: политическая лаборатория и цена несостоявшегося мира
Дальнейшее затягивание российско-украинского конфликта создает для Астаны больше рисков
Тарифная война, новые санкции против Ирана, 31 погибший на свалке, птичий грипп и роботы быстрее человека
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай