
Жер сілкінісінің ошағы Ресей шекарасында
Бүгін ШҚО-да және Алматыдан 1162 шақырым қашықтықта жер сілкінді.
25 мамырда сағат 07:40-та ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмологиялық сараптама және зерттеу орталығы" ЖШС диспетчерінен Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелгені туралы ауызша ақпарат түсті.
Сонымен қатар ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 25 мамырда Астана уақытымен 07 сағат 35 мин жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Ресей шекарасында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Өскемен қ. - 2 б.
Қатон-Қарағай - 2 б.
Фото: iStock.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!