Смартфоныңыздағы қытайлық қауіп: Temu дегеннен сақтану керек

1748 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 10 Фев 2025, 13:00

Онлайн-платформалар арқылы әлемді қалай жаулап алуға болады: тыңшылық пен Сунь-Цзы данышпанның "Соғыс өнері" ілімдері

Бұл ұсақ-түйек сататын кезекті дүкен бе, әлде тыңшылық орталығы ма? Әңгіме Temu туралы! Бұл маркетплейс интернетті сөзсіз "жарды". Бірақ қарапайым интерфейс пен тым арзан тауарлардың артында не тұр? Бұған қытайдың ұлы стратегі Сунь-Цзы дегеннің қатысы қанша? Ең бастысы – қолыңыздағы смартфоныңыз қалай жаңа "соғыс алаңына" айналуы мүмкін?

Деректер тауардан да қымбат

Бір қарағанда, Temu деген өте арзан тауарлар сатылатын әшейін ғана бір маркетплейс. Көпшілік оны тек пайдасыз, бірақ қызықты заттарға толған дүкен деп ойлайды. Алайда, әйгілі "Соғыс өнері" еңбегінің авторы Сунь-Цзы бұл жерде басын шайқап: "Жау жоқ деме, жар астында!" дер еді. Өйткені бұл жау – сіздің деректеріңізді жинап, өңдеп отырған дәл сол платформа болуы мүмкін.

Temu жинайтын деректердің көптігі сонша, басқа әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелері жолда қалады. Зат қарау әдеттеріңіз, жүрген жеріңіз, экранда өткізген уақытыңыз – мұның бәрі маңызды. Сұмдық үлкен жеңілдіктерге қарап, бұл не қылған батпан құйрық десеңіз, бұл – "жұмсақ күш" деген философия.

Тыңшылық деген осы!

Temu деген жай ғана маркетплейс емес, жеке деректеріңізді жинап, Қытайға жөнелтетін қуатты құрал болып шықса ше?

Иә, сарапшылар бұл платформаның пайдаланушылар туралы мәліметтерді сан түрлі мақсатта қолдануы мүмкін екенін алға тартады. Тауарын тықпалаған болып сіздің мінез-құлқыңыз, қызығушылықтарыңыз, тіпті саяси көзқарастарыңыз да бір жердегі "құпия сейфке" жиналуы мүмкін. Қазіргі заманғы қытайлық стратегтер әлемнің өз ақпаратын өз еркімен беріп отырғанын көріп, қолдарын ысқылап отырған жоқ па?

Жақында Grizzly Research компаниясы Temu-ды "ең қауіпті кең таралған қосымша" деп атады. Сарапшылар Temu қосымшасында деректерді жаппай ұрлауға арналған жасырын мүмкіндіктер бар екенін ескертеді және оның қызметі зиянды бағдарламаға көбірек ұқсайды дейді. Temu-дың ақпарат жинау әдістері қарапайым электронды коммерция платформасынан әлдеқайда асып түседі.

Бұл қосымша пайдаланушыдан кеңейтілген рұқсат сұрайды: геодеректер, контактілер тізімі, тіпті микрофон мен камера да керек оған.

2023 жылы Pinduoduo-ның еншілес қосымшасы Temu Google Play дүкенінен жойылған болатын. Себеп – қауіпті зиянды бағдарламаға ұқсастығы. Ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары Temu-дың шпиондық бағдарлама ретінде жұмыс істеуі мүмкін екенін, жеке деректерді жинап, бақылау жүргізуге мүмкіндік беретінін және тіпті кибершабуылдарға негіз қалауы ықтимал екенін мәлімдеді.

Яғни, Temu жай ғана маркетплейс емес, ұлттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретін деректер жинау құралы болуы мүмкін.

Сунь-Цзы және қосымшалар арқылы әлемді жаулау өнері

Сунь-Цзы туралы жайдан-жай айтып отырған жоқпыз. Оның "Соғыс өнері" еңбегінде басты ереже бар: "Соғыссыз жеңу!" Ұлы стратегтің шәкірттерінің қолындағы құрал ретінде Temu дәл осы қағиданы ұстанады. Қытайға танк шығарып, "арнайы әскери операциялар" жүргізудің қажеті жоқ – ол мүлде байқатпай басып алады.

Бізді арзан тауарлармен қызықтырып, сыртымыздан жасырын бақылап отырады. Бұл жай ғана маркетинг емес, шын стратегия – асықпай-ақ түбінде басып алу деген.

Егер Сунь-Цзы бүгінгі Қытайдың өз әдістерін цифрлық әлемде қалай қолданып жатқанын көрсе, мәз болар еді. "Қиналма, соғыспа – тек адамдарды өз тауарыңды алуға мәжбүрле, олар құпияларын өздері-ақ береді". Не деген қарапайым стратегия? Ашық шабуыл емес, қосымшалар арқылы тарайтын вирус секілді жасырын ықпал.

"Шпион емеспіз, көмекшіміз!"

Иә, Temu деген деректерді өз мақсатына пайдаланатын жалғыз қытайлық компания емес. TikTok та тура сөйтеді. Бізге не ұнайтынын, тіпті өзіміз мойындаудан ұялатын нәрсемізді тап басатыны содан. Бірақ Temu-ге келсек, ол жай бір трендтер мен билермен шектелмейтін секілді.

Антивирус байқамайтын шпиондық бағдарламалар күн сайын қауіптірек боп келеді.

Бәз-біреу мұны асыра сілтеу немесе паранойя деп санауы мүмкін. Бірақ қауіпсіздікке келгенде сақтық артық етпейді. Иә, қытайлық тауар арзан-ақ, бірақ күндердің күнінде сіздің деректеріңіз, соның ішінде банк ақпараттарыңыз біреудің қолына түссе қайтесіз?

Міне, жаһандық манипуляция дәуірінде жау қолыңыздағы смартфоныңыздан шыға келеді.

Енді не болады?

Не болатынын Қытайдың Коммунистік партиясы шешеді.

Сіз не сатып аласыз, не жейсіз, кімді оқисыз, кімді тыңдайсыз, қандай өмір сүресіз – бәрін біртіндеп бақылауға алады енді.

Temu-дан сатып алған әрбір затыңыз жаңа дәуірге жасаған қадамыңыз болуы мүмкін, онда сіздің барлық қалауыңыз үлкен картинаның бір бөлігіне айналады.

Есіңізде болсын: мұның бәрі – біреудің жоспары.

Сунь-Цзы өлгенмен оның тактикасы өлмеген. Мұның бәріне қалжың деп күле қарау – соғыста жауыңды менсінбеумен бірдей.

Фото: Nurphoto / Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
МВД Казахстана закручивает пробки на рынке алкоголя
Что стоит за попыткой ужесточения продаж алкогольных напитков?
Индрик-зверь: Что известно о монстре, затмившем динозавров на территории Казахстана
Занимательная история от Андрея Михайлова
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
У кого пульт с кнопкой: цифровой тенге – благо или тотальный контроль?
Сможет ли государство обеспечить неприкосновенность критических данных
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента