"Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің өткізу қабілеті жылына 20 млн тонна жүкке дейін артады

1112 просмотров
0
Ратель
Вторник, 05 Дек 2023, 11:00

Бұл жұмыстар РФ тарапынан пойыздарды қабылдауды тәулігіне 7-ден 15 жұпқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Читайте также
Саясаттанушы: президент институтының қазіргі құзыреттері суперпрезиденттік жүйеге жеткізбей ме

Үкіметте вице-премьер Серік ЖҰМАНҒАРИННІҢ төрағалығымен өткен трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының IX отырысында “Солтүстік-Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін кеңейту және басқа да жобаларды іске асыру барысы егжей-тегжейлі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

“ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарушы директоры Бауыржан ОРЫНБАСАРОВ хабарлағандай, “РТЖ” ААҚ-мен бірге мемлекетаралық өткізу пункттері жұмысының тиімділігіне талдау жүргізіліп, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірленді. “Солтүстік-Оңтүстік” дәліздің өткізу қабілетін кеңейту үшін 2023 жылдан 2025 жылға дейін Илецк-1 станциясындағы жолдарды ұзарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі және ұзындығы 213 км Орск – Қандыағаш учаскесінде автобұғаттауды енгізе отырып, екінші жолдар салынатын болады. Бұл жұмыстар РФ тарапынан пойыздарды қабылдауды тәулігіне 7-ден 15 жұпқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде Мақат – Шұбарқұдық учаскесінде 4 және Маңғышлақ – Өзен учаскесінде 3 разъезд салу, сондай-ақ автобұғаттауды енгізу жоспарлануда. Перспективада Илецк-1 – Ақтөбе (195 км), Қандыағаш – Қиғаш (808 км), Шалқар – Бейнеу (496 км), Бейнеу – Маңғыстау – Ақтау порты, Құрық – Порт (490 км), Өзен – Болашақ учаскелерінде екінші жолдар салу жоспарланған (147 км). Бұл жұмыстардың барлығы “Солтүстік-Оңтүстік” дәлізі бойынша жүк тасымалдау көлемін жылына 6 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Каспий торабында контейнерлік хаб құрылысының жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Оны “Ақтау теңіз порты” АЭА базасында құру жоспарланып отыр. Хаб нысандарын орналастыру үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында ауданы 19 га жер учаскесі резервтелген, қажетті инфрақұрылымды жүргізу, тарату желілері бар қосымша электр станциясын салу үшін ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Серік Жұманғарин жыл соңына дейін баламалы сауда бағыттарын дамытудың маңызды буыны болып табылатын Каспий торабын дамыту тұжырымдамасының толық жобасын ұсынуды тапсырды.

Читайте также
Қарағанды азаматы криптовалютаны заңсыз сату арқылы 100 млн теңгеге жуық ақша тапқан

Қазақстанның трансшекаралық хабтары желісіндегі негізгі жоба Жетісу облысындағы “Қорғас торабы” болып табылады. Бұл Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан инфрақұрылымдық объектілер кешені (“Қорғас” ХШЫО, АЭА “Қорғас – Шығыс қақпасы” АЭА, “Нұр-Жолы” бақылау-өткізу пункті, “Алтынкөл” теміржол станциясы және “Құрғақ порт” теміржол терминалы). Қорғас торабын iс жүзiнде iске асыру экспорт, транзит көлемiн ұлғайту және өндiрiстiк кооперацияны дамыту үшiн барлық инфрақұрылымдық объектiлердi түйiндестiру мен ықпалдастырудан тұрады.

Жетісу әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта АЭА аумағында 48 қатысушы тіркелген, жалпы сомасы 48,7 млрд теңгеге 15 кәсіпорын жұмыс істейді, 1600 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 1,7 млрд теңгеге тағы 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. “Қорғас” ХШЫО кірісінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды, туристер саны 423 мың адамнан асты. Сәуірден қарашаға дейін “Қорғас” халықаралық орталығы арқылы 8 мың тонна көлемінде жүк тасымалданды. Бүгінде салынған инвестицияның жалпы сомасы 141 млрд теңгеге жетті.

Сондай-ақ отырыста жергілікті атқарушы органдардың өкілдері “Еуразия” трансшекаралық сауда орталығын, “Алатау” индустриялық сауда-логистикалық кешенін, “Орталық Азия” халықаралық шекара маңы сауда орталығын құру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы хабарлады.

Отырыс қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне “Еуразия” ТСО” индустриялық аймағына инфрақұрылымды аяқтау және ИСЛК құру жөніндегі жұмыстарды жеделдетуді, сондай-ақ конкурстық негізде “Алатау” индустриялық аймағының басқарушы компаниясын айқындауды тапсырды. Түркістан облысының әкімдігіне өңірлік индустриялық аймақ тұжырымдамасын “Орталық Азия-ХӨКО” атауымен бекіту тапсырылды.

Фото: primeminister.kz.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером