Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары тексерілуде

1024 просмотров
0
Ратель
Пятница, 26 Янв 2024, 13:00

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді

Қазақстан премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Читайте также
Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестірілуде, 2,1 мыңға жуығы хабарсыз жоғалған

Бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарлануда. 

Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады. 

Премьер-министр мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – "Әділетті Қазақстанды" құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды. 

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде.

- Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану, - деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. 

Комиссия жұмысы жалғасуда.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе