Созылмалы ауруы бар балаларды бірінші кезекте вакциналау керек - дәрігер

1765 просмотров
0
Ратель
Суббота, 25 Дек 2021, 13:45

Коронавирустың мутацияланған түрімен күресудің сенімді әдісі – ревакцинация

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының №11 емханасының дәрігері Перуза Арықова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қазақстанда "омикрон" штамы тіркелген жоқ – Министрлік БҚО-дан тараған ақпаратты жоққа шығарды

"Ревакцинация – коронавирустық вакцинаның үшінші дозасын алу. Кейде оған "үдеткіш" вакцина термині қолданылады. Уақыт өте келе ағзаның инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді. Антиденелер, В-лимфоциттері, лимфоциттер мен Т-жад жасушалары секілді иммунитеттің құрамдас бөліктері қайтадан жұмыс істеуі үшін вакцинаны қайта егу керек", - деді инфекционист.

Ол қазіргі вакциналар тиімді қорғаныс беретінін, бірақ, уақыт өте келе әлсірейтінін түсіндірді.

Бустерлік вакциналау денені коронавирустық инфекцияның енуінен қорғауды едәуір күшейтеді.

Перуза Арықова коронавирусқа қарсы вакцинация кез-келген адамға рұқсат етілгенін айтты. Созылмалы аурулары бар адамдар да вакцинациядан өтеді.

"Коронавирус созылмалы аурулары бар адамдарда ауыр өтеді, тіпті өлімге әкеледі. Инфекция қан тамырларының тонусына, тромбозға әкеледі. Сондықтан мен емханада дәрігермен кеңескеннен кейін ауруға шалдыққан барлық адамдарға екпе жасауды ұсынамын", - деп толықтырды №11 емхананың дәрігері.

Қарсы көрсетілімдер аллергияның ауыр түрімен ауыратын адамдар үшін, Гийен Баре ауруы кезінде, жүйке жүйесінің үдемелі аурулары бар пациенттер үшін, мысалы, бақыланбайтын эпилепсия үшін бар.

Созылмалы аурулардың өршуі кезінде вакцинациялауға болмайды.

Читайте также
Қор нарығында доллар тағы арзандады

Жұқпалы аурулар дәрігері 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакцинациялау өте маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қауіп тобына созылмалы аурулары бар балалар кіреді, оларды бірінші кезекте егу керек.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді постковидтік синдромнан қорғауға болады.

"Жанама әсерлер туралы алаңдамаудың қажеті жоқ, барлық реакциялар қалыпты. Вакциналаудан соң инъекция орнында ауырсыну, терінің аздап қышуы, температура, жалпы субфебрилит, катаральды көріністер, бас ауруы түрінде реакция болуы мүмкін, бірақ ол қысқа мерзімде өтеді", - деді дәрігер.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд