Тайраңдаған Temu Өзбекстанда “таяқ жеді”

1796 просмотров
0
Ратель
Пятница, 07 Мар 2025, 11:00

Өзбекстан азаматтарына қытайлық платформадан тауарға тапсырыс бермеуге және қаражаттарын қайтарып алуға кеңес берілді

Өзбекстанда нарықты жалмап бара жатқан қытайлық Temu маркетплейсіне тосқауыл қою жағы қызу талқылануда. 2025 жылдың 4 наурызынан бастап Ұлттық перспективалы жобалар агенттігі (ҰПЖА) азаматтарды бұл платформадан тапсырыс бермеуге, ал егер тапсырыс берілген болса, қаражатты қайтарып алуға шақырды.

Читайте также
Temu-дан зат алудан қорықпайсыз ба

"Шетелдік электрондық сауда платформаларын, атап айтқанда "Temu" платформасын пайдалану 2025 жылдың 20 наурызынан бастап белгіленген тәртіппен шектелетін болады", - делінген хабарламада.

ҰПЖА бұл платформаның бұғатталуы мүмкін екенін ақпан айының соңында мәлімдеген болатын. Электрондық коммерция басқармасының басшысы Камронбек МУХАММАДИЕВТІҢ айтуынша, Temu жаңа нарықтарды жаппай жаулап жатыр, бірақ жергілікті заңдарды сақтамайды. Қытайлық маркетплейстер салық пен кедендік алым төлемейді, ақша деген құрдан құр шетелге кетіп жатыр. 2024 жылы Temu арқылы елден 10 миллион доллардан астам қаражат шығарылған екен.

2024 жылдың соңынан бастап Temu мобильді қосымшасы Өзбекстандағы ең танымал қосымшалардың қатарына енді. Мысалы, бұл қытайлық маркетплейс App Store дүкенінде екінші орынды иеленсе, Google Play-де көш бастап тұр.

Алайда, далада жатқан ақша жоқ, сондықтан Өзбекстан бұл мәселені шешуге кірісті. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елде халықаралық маркетплейстерді арнайы тізімге тіркеу және "шаңыраққа қарату", яғни Өзбекстанда заңды тұлға ретінде тіркелу міндеттеледі.

Қазақстан қандай шешім қабылдайды?

Қазақстан әлі мұндай платформалардың қызметін реттеу бойынша нақты шешім қабылдаған жоқ, бірақ бұл мәселе талқылануда. Депутат Азат ПЕРУАШЕВ, мысалы, Temu сияқты шетелдік интернет-дүкендерге жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, халықаралық платформалар 200 еуроға дейінгі тауарларға кедендік баж салығының жоқтығын пайдаланып, салық төлеуден жалтарады, бұл қазақстандық бюджетке айтарлықтай шығын келтіреді және жергілікті кәсіпкерлерді қиын жағдайға қояды.

Читайте также
Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

2023 жылы бұл платформалар арқылы Қазақстанға 505 миллиард теңгенің тауары жеткізілгенімен, бюджетке түскен салық көлемі бар болғаны 24 миллиард теңге болды – бұл айналымның небәрі 4,8%-ын құрайды. Бұл кедендік баждардың және ҚҚС-тың (қосылған құн салығы) толық төленбегенін көрсетеді. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпкерлер ҚҚС бойынша 16,3%-ға дейін, кейде тіпті 62%-ға дейін салықтық жүктемеге тап болады, ал шетелдік платформалар салықтан жалтарып, жергілікті бизнесті нарықтан ығыстырады.

Перуашевтің есебінше, 2023 жылы бюджет шетелдік компаниялардың ҚҚС төлемеуінен 60 миллиард теңгеден астам қаражаттан қағылған. Егер осы үрдіс сақталса, 2024 жылға қарай шығындар 250 миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Ал 2029 жылға қарай Қазақстандағы онлайн-сатып алулардың жартысы шетелдік маркетплейстер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл отандық өндірушілердің нарықтағы үлесінің қысқаруына және мемлекеттік бюджет кірісінің төмендеуіне әкеледі.

Алайда, Қазақстан Өзбекстаннан сабақ алып, халықаралық онлайн-платформалар үшін жаңа ережелер енгізсе, нарықтағы барлық ойыншылар үшін тең жағдай жасалады. Жергілікті кәсіпкерлер шетелдік алпауыттардың қысымынан қорықпай жұмыс істей алады және әділ бәсекелестік орнайды.

Фото: SOPA Images/LightRocket via Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером