Тараз тумасы Оңтүстік Кореяда қазы жасайтын цех ашты

1640 просмотров
0
Ратель
Вторник, 18 Фев 2025, 14:00

Бірақ ол жақтағы кәрістер жылқы етін сашими секілді шикідей жейді екен

Тараз қаласының тумасы Дмитрий ПЯК Оңтүстік Кореяда алғаш болып қазы өндіретін цех ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Читайте также
Жұмыстан шығарылған қазақстандықтар көбейіп жатыр

Оңтүстік Кореяда ет өнімдерін өндіруге қойылатын санитарлық талаптар қатаң. Барлық цех қызметкерлері жұмыс барысында арнайы киім киюге міндетті. Өндірістік орында температура нөлден төмен болуы керек. Аталған ережелерді сақтамай, құрал-жабдықсыз ет өнімдерін өндіруге рұқсат алу мүмкін емес.

Кәсіпкер Дмитрий Пяк цехты ашу үшін тамақ өндірісінен хабары бар кеңесші жалдаған. 

“Қазы шұжықшаларға ұқсайды. Шұжық өнімдері секілді, тек шикі күйінде. Өнімнің салмағы бір келіден асады. Бізге рұқсат берді”, - дейді ол.

Айтуынша, Қазақстанда тұрған кезде әжесі қазыны жиі жасайтын. Сонда әжесіне қазы жасауға көмектескен сәттерін еске алды. Дмитрий қазы жасаудың еш қиындығы жоқ дейді. Жасалу жолы да жеңіл екенін айтады. 

Оңтүстікқазақстандық Пяк Кореяға 2008 жылы оқуға кеткен. Содан бері сонда тұрақтап қалған. Мұнда бірнеше азық-түлік дүкені бар. 

Қазыны ресми түрде шығару туралы идея оған осыдан 6 жыл бұрын келген. Былтыр Дмитрий лицензия алып, қазы жасайтын цех ашты. Ол жылқы етін Чеджу аралынан сатып алады. Чеджу – Оңтүстік Кореяда жылқы етін тұтынатын жалғыз аймақ. Бұл аспаздық дәстүр XII ғасырда моңғол әскерлері Кореяға басып кіргеннен кейін пайда болған.

“Иә, олар Чеджу аралында жылқы етін жейді. Бірақ олар жылқы етін сашими секілді шикідей жейді. Қазір өте жақсы жеткізушімен жұмыс істеп жатырмыз. Оның жеке шаруашылығы бар, жылқыларды бордақылауға келістік. Мұнда жылқылар семіз емес”, - дейді кәсіпкер.

Фото: видеодан скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана