Таразда әлеуметтік баспана алғандар су мен жарыққа жарымай отыр

1170 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 02 Июн 2025, 13:30

Қалалық әкімдік не дейді?

Таразда әлеуметтік баспана инфрақұрылымға жарымай тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Үш ай бұрын жаңа пәтерлеріне қоныстанған тұрғындар маңайдағы әуежайдың суы мен электр қуатын пайдалануға мәжбүр. Ал талай жыл кезекте тұрып, баспана алған көпшілік бұған наразы.

Читайте также
Таразда 2,5 млрд теңгенің тендерін ұтқан компания жоқ боп кетті

Әуежайға қарама-қарсы тұрған мына ғимараттың іргетасы 1971 жылы қонақүй ретінде қаланды. Ал тәуелсіздік алған кезеңнен бастап қолдан қолға өтіп, былтыр жеке кәсіпкер үй етіп қайта жаңғыртты. Содан дайын үйді қалалық әкімдік “Қолжетімді баспана” бағдарламасы аясында 393 миллион теңгеге сатып алды. Бірақ ұзақ уақыт кезек күтіп, пәтерлі болғандардың көңілі су сепкендей басылып отыр.

- Ешқайсысы разы емес. Бәрін шала-пұла қылып тастап кеткен. Мынаның біреуінде әйнегі жоқ, тесігі жоқ. Мен, мысалы, “кухнямды” ауылдағы сарайға ұқсатып жасап кеткен. “Маған 60 мың төлесеңіз, жаңағы дуалыңызды қырып істеп береміз”, - деді. Қуанышымызды бірден тойлаймыз десек, тойламаймыз. Күнде бір-бірімізден сұраймыз: “Сен не істеп жатырсың?” деп. Ана дуалдар сырқырап, әйнектері сырқырап, біреуінің есігі жоқ, - дейді қала тұрғыны Бейсенкүл ҚҰЛЖАБАЕВА.

Су мен жарықтың мәселесі де толық шешілмеген. Алғашында мердігер құрылыс жұмыстарына әуежайдан жарық жалғап, суын пайдаланған. Барлығы әлі сол қалпында. Ал әуежайдағы су станциясының қуаты көпқабатты үйді тіршілік нәрімен қамтуға жетпейді.

- Қазір әуежайдан бізге “подача” беріп тұрған кісілер: “1 маусымда суды өшіреміз”, - деп бізге хабарлама жіберіп тұр. Ал айдалада тұрған 41 пәтер? Біз сонда елден қалып бара жатырмыз ғой. “Отшельники” болып тұрмыз. Ешкім біздің мәселемізді шығарып жатқан жоқ, келеді, уәде етіп кетеді. Болды, - дейді қала тұрғыны Мәрияш РЫСБЕКОВА.

Читайте также
Шымкентте жылан көбейіп кетті

Мердігер су проблемасын шешу үшін үй ауласынан тереңдігі 20 метрге болатын ұңғыма қазған. Бірақ талапқа сәйкес болмағандықтан, қайта көмген. Енді әкімдік әуежаймен келісіп, су станциясының құрылғыларын жаңғыртпақ.

- Қазір сессияны күтіп отырмыз. 13 маусым күні сессия болады. Судың көлемін, дебетін ұлғайту сессияда қаралады. Одан кейін қосымша әуежай берген ұсыныс бойынша сорғыны ауыстырып беріңіздер, өйткені қуаты кішкентай болғандықтан, біз ол сорғыны осы аптаның аяғына дейін ауыстырып беру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Дамир ЖАМАНБАЕВ.

Баспананың кем-кетігін құрылыс компаниясы екі жылдық кепілдік аясында ретке келдіреді. “Ал электр қуатына байланысты жаңа жоба жасап жатырмыз”, - дейді жауаптылар.

Автотұрақ, ойын алаңшасы мен Street Workout және шағын футбол алаңын жыл соңына дейін салып бермек. Енді тек қажетті қаржы уақытылы бөлінсе игі.

Фото: 24kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд