Temu-дан зат алудан қорықпайсыз ба

1800 просмотров
0
Ратель
Вторник, 04 Мар 2025, 11:00

Қытай маркетплейсіндегі тауарлар туралы

Temu – өте төмен бағаға неше түрлі тауар табылатын платформа, көрген адамның көкейін теспей қоймайды. Алайда, одан зат сатып алмас бұрын, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына байланысты қауіптерді мұқият бағалау қажет.

Temu-дағы тауарлар туралы фактілер

1. 2024 жылдың мамырында Ұлыбританияда деректі фильм шыққан. Онда осы платформа арқылы сатылатын тауарлардың улылығы мәселесі көтерілді. Мысалы, бағасы бар-жоғы £2,17 болатын күміс алқаның құрамында Ұлыбритания заңнамасында рұқсат етілген мөлшерден он есе көп қорғасын болған. Бұл металл ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда бүйрекке зақым келтіруі, түсік тастауға және сперматозоидтардың азаюына әкелуі мүмкін.

Читайте также
Temu Қытай үкіметіне деректер жинайтынын жоққа шығарады

Тағы бір мысал – £2,97 тұратын алтын баудың құрамында да ауыр металдардың мөлшері шамадан тыс жоғары болған.

Тағы бір алаңдататын жағдай – Temu-да сатылған тырнақ желіміне байланысты оқиға. Ол өнімді қолданған 11 жастағы қыз үшінші дәрежелі күйік алған, бұл жағдай платформада сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мәселесін тағы көтерді.

Рединг университетінің профессоры Лоуренс ХАРВУД салақ сертификатталған немесе Еуропа мен АҚШ нарықтары үшін мүлдем сертификатталмаған тауарларды пайдаланудың қауіпі жоғары екенін атап өтті. Платформа әлі күнге дейін тауар жеткізушілердің өндірістік процестерін мұқият тексермей келеді.

Бірақ Temu барлық өнімдері TÜV SÜD және SGS сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан сертификатталатынын мәлімдейді.

2. 2024 жылдың жазында Оңтүстік Корея Temu және басқа да қытайлық онлайн платформалар арқылы сатылатын тауарларды тексерген.

12 шілде мен 9 тамыз аралығында қытайлық үш сауда платформасында сатылатын 144 тауардың қауіпсіздігі тексеріліп, олардың 11-інде қауіпсіздік жағынан мәселелер бар екені анықталды.

Тексерілген өнімдердің ішінде:

  • 94 ас үй бұйымы,
  • 13 косметикалық өнім,
  • 28 сандали мен бас киім,
  • 9 гигиеналық тауарлар болды.

Зерттеу нәтижелері:

  • Екі сандалиде фталат пластификаторларының мөлшері рұқсат етілген деңгейден 167,5 және 229,2 есе жоғары болды. Фталаттар канцерогендік заттар санатына жатады және бедеулікке әкелуі мүмкін.
  • Екі сандалиде никель мөлшері қалыпты деңгейден 2-9 есе көп болып шықты. Никель терінің аллергиялық реакциясын тудыра алады.
  • Үш бас киімде формальдегид мөлшері рұқсат етілген деңгейден екі есе жоғары болған, ал pH деңгейі 9,3-ті құрады, бұл қалыпты 4-9 стандартынан асып түседі.
  • Екі алюминий ыдыста никель мөлшері нормадан екі есе көп болды.
  • Екі тырнақ лагының құрамында диоксан деңгейі нормадан 3,6 есе, ал метанол мөлшері 1,4 есе жоғары екені анықталды.
  • Temu-дан сатып алынған балалар күртесінде рұқсат етілген нормадан 622 есе артық зиянды заттар табылды. Оның ішінде қорғасын 3,6 есе, кадмий 3,4 есе жоғары болды.
  • Temu-дан алынған комбинезонда фталат мөлшері рұқсат етілген нормадан 294 есеге асып кеткен.
  • Temu-дағы сандали табанында қорғасын мөлшері нормадан 11 есе көп болды.

Осы тексерулерден кейін Сеул билігі бақылауды қатаңдатып, тауарларды апта сайын тексере бастады.

Сеул үкіметінен ескерту алғаннан кейін, біз дереу ішкі тергеуді бастадық. Біз бұл өнімдерді платформадан жедел алып тастадық және сатушылардың қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін жүйемізді жетілдірудеміз”, - деп мәлімдеген Temu өкілі AFP агенттігіне.

Читайте также
Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

3. 2024 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та Temu және Shein тексеріле бастады.

АҚШ үкіметі бұл екі қытайлық маркетплейсті “нәрестелер мен жас балаларға арналған қауіпті тауарлар сатады” деген айыппен тергеуді ұсынды.

АҚШ Тұтынушылар қауіпсіздігі комиссиясының (CPSC) екі мүшесі ашық хатта осы компаниялардың Американың қауіпсіздік стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін тексеруді талап етті.

CPSC комиссарлары Питер ФЕЛЬДМАН мен Дуглас ДЗИЯК БАҚ-тағы “бұл сайттарда балаларға қауіпті тауарлар оңай табылады” деген хабарларға сүйеніп, “бұл платформалардың қалайша төмен бағамен тұтынушыға тікелей тауар жеткізетінін түсінгіміз келеді” деп мәлімдеген.

4. 2024 жылдың қазан айында Еурокомиссия Temu-ға қатысты тергеу бастады.

Еуроодақтың тұтынушылар құқығын қорғау органдары қытай маркетплейстері, соның ішінде Temu, цифрлық қызметтер туралы заңды бұзады және контрафакт өнімдер сатады деп күдіктенген.

Еурокомиссия мәліметінше, қытайлық сатушыларға қатысты шағымдардың 75%-ы осы платформаларға тиесілі.

Еуропалық тұтынушылар ұйымының (BEUC) өкілі Сильвия МАУРЕРДІҢ сөзінше, ең үлкен қауіптер:

  • Балалар ойыншықтары мен косметикадағы қауіпті химиялық заттар;
  • Өрт немесе тоқ соғу қаупі бар электр құрылғылары;
  • Істемей қалатын түтін детекторлары;
  • Қорғау функциясын атқармайтын мотоцикл шлемдері.

Еуроодақ елдеріне жыл сайын €4,6 миллиардқа жуық тауар импортталады, олардың басым көпшілігі Қытайдан келеді.

Еуропа бұл жағдай тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіретінін, сондай-ақ заңды бизнеске зиян тигізетін әділетсіз бәсекелестікке әкелетінін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

Германия, Дания және Ирландия сияқты елдерде билік Temu-ға қатысты қатаң шаралар қабылдауды талап етуде.

Фото: Aloysius Wong/CBC.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Вице-министр торговли и интеграции
"Я езжу на рынок "Асем", и я знаю, кто продаёт мясо,кто - курочку, где торговая точка от производителя, где бытовая химия. Подхожу целенаправленно, там беру - я знаю, что там дешевле. Кто может себе позволить подороже - пусть идёт в премиум - супермаркет, например"
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Ильяс Бактыгалиев: Избежать новых атак полностью мы будем неспособны, это независимые от нас вещи
Комментарии политолога об атаке на КТК
Казахстан Второй Республики: как новая Концепция внутренней политики задает правила Справедливого Казахстана
От ответа на вызовы к формуле будущего: государство, которое действует по принципу справедливости для всех
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
Виталий Колточник: «Назначение Аиды Балаевой - финальное укрепление идеологической вертикали государства»
Модернизированы механизмы работы с НПО, усилена стратегия государственных коммуникаций, систематизированы диалоговые площадки
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Виталий Колточник: «Назначение Аиды Балаевой - финальное укрепление идеологической вертикали государства»
Модернизированы механизмы работы с НПО, усилена стратегия государственных коммуникаций, систематизированы диалоговые площадки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером