Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1907 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 03 Июл 2022, 13:00

Президент қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары екенін атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ, ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз", - деді президент.

Читайте также
Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Академик Ахмет Жұбанов "Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі" деп бекер айтпаған. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр.

Сонау Кетбұғадан бері жалғасып келе жатқан дәулескер күйшілеріміздің мол мұрасы – баға жетпес рухани байлығымыз. Біз төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықтарымызды ұлықтай түсеміз, деп жалғастырды мемлекет басшысы.

"Қазір Жаңа Қазақстанды құруға кірістік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды қолға алдық. Өркениетті ел болу үшін жаңа дәуірдің жақсы үрдістерін бойға сіңіру жеткіліксіз. Сонымен бірге, салтымызды сақтап, еңбекқорлық құндылықтарын кеңінен дәріптеп, бабалар жолын берік ұстанамыз", - деді Тоқаев.

Ол жұртымызбен бірге домбыра да мәңгі жасайтынын, күй өнері азаттық рухын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратынын айтты.

"Домбыра әр шаңырақтың төрінде тұрсын! Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!", - деді президент.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді.

Sputnik.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд