Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық сот төрағасы етіп тағайындады

1783 просмотров
0
Ратель
Четверг, 29 Дек 2022, 13:30

Э. Азимова қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова ҚР Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Читайте также
Дикий Арманға қатысты қылмыстық істі жария етуге болмайды – Бас прокуратура

Э. Азимова қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.

Эльвира Әбілқасымқызы Азимова 1973 жылы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) дүниеге келген. 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, халықаралық заңгер біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Әділет министрлігінде бастады. 1996 – 1999 жылдар аралығында – халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші кеңесшісі, бас кеңесші. 1999 – 2005 жылдар аралығында заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармаларының бастық орынбасары, бастығы болды. 2005 – 2010 жылдар аралығында – заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры. 2010 – 2013 жылдар аралығында – Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры. 2013 – 2019 жылдары – ҚР Әділет министрінің орынбасары.

2019 жылдың қыркүйек айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Ашық көздерден алынған фото.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд