Тоқаев: Волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек

832 просмотров
0
Ратель
Среда, 21 Июн 2023, 14:15

Олар Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен, деді президент өткен форумда

Волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек. Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді

"Жанашырлық қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз. Мен БҰҰ-ның 75-сессиясында Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жылын жариялауды ұсындым. Бұл бастама осы тамаша дәстүрді одан ары дамыту үшін қажет", - деді президент.

Мемлекет басшысы өткен аптада Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың 2-отырысы өткенін еске салды.

"Сол жиында отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, үнемшілдік, еңбекқорлық, жанашырлық секілді құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін атап көрсеттім. Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Меніңше, барлық еріктілерді адал азамат деуге болады. Өйткені, сіздер жауапты жұмыс, сауапты іс атқарып жүрсіздер. Мен волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғар бағалануы керек деп санаймын. Сол себепті елімізде жыл волонтері халықаралық сыйлығы белгіленді. Бұл марапат белсенді еріктілерге беріледі. Сонымен қатар ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер жыл сайын "Шапағат" медалімен марапатталады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: bgtrk.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд