"Өзенмұнайгаз" бен "БерАли" компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды

1173 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Апр 2023, 15:00

Тергеу барысында аталған фактілер тексеріледі. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" АҚ мен "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, Sputnik сілтеме жасай отырып Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті деп хабарлайды.

"Өзенмұнайгаз" АҚ және "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.

"Жаңаөзен қаласы тұрғындарының "ҚазМұнайГаз" АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша көптеген өтініштерінің негізінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеу жүргізуде. Атап айтқанда, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде. Бұдан басқа, "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғалары мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС басшылығына қатысты 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізіліп жатыр",- деп жазылған хабарламада.

"БерАли Маңғыстау Company" ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы шарттар жасағаны анықталды. Іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып жымқырылған.

Аталған іс-қимылдармен "БерАли Маңғыстау Company" ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтірген.

Қолма-қол ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге жұмсауға болатын еді. Бұл жағдайлар компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырды.

Тергеу барысында аталған фактілер тексеріледі. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора