“Жаңа уақыт жақсы болды”, деп жазатындарға ақша ұсынып жатыр

2651 просмотров
0
Ратель
Суббота, 28 Дек 2024, 13:30

50 млн теңгеден астам қаражат пропагандалық науқанға жұмсалуы мүмкін

Қазақстандағы аудиториясы көп блогерлерге жаңа уақыт белдеуінің жағымды тұстарын айтып, ақылы пост жазу туралы ұсыныстар келіп түсуде. Жаңа уақыт белдеуінің адам денсаулығына еш пайдасы жоқ деп санайтын блогерлер мұндай ұсыныстан бас тартқан. Бұл туралы өзінің инста-парақшасында психолог Евгений ЯН жазды, деп хабарлайды kursiv.media.

Янның мәліметінше, уақыт белдеуіне қатысты жағымды ақпарат таратуды белгілі медиа-компания ұсынған.

Читайте также
Уақыттың ауысқаны Қазақстанда құрылыс сапасын нашарлатты

“Бүгін бірнеше адам белгілі медиа-компаниядан ұсыныс түскені туралы жазды. Ұсыныстың мәні қарапайым: ақшалай сыйақы үшін бірыңғай уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы ролик, сюжет немесе пост жазу, - деп жазады психолог.

Автор жаңа уақыт белдеуінің халық денсаулығына әсерін текесеруге бағытталған 50 млн теңгеден астам қаражаттың осындай пропагандалық науқанға жұмсалып кетуі мүмкін деген алаңдаушылығын жеткізді.

Ян көбінде мұндай ұсыныстар аудиториясы көп нутрициологтар мен медицина саласына қатысы бар блогерлерге түскенін айтады.

Отбасылық нутрициолог, блогер Ғалия ӘУБӘКІР де ақылы пост жазуға ұсыныс алған. Автордың постының астына нутрициолог: Бұл сұмдық. Маған да осындай ұсыныс түсті. Мен қатты таңғалдым, - деп пікір қалдырған.

Әубәкір өз парақшасында осы мәселеге қатысты пост жариялап, көп ұзамай, жарияланымын өшіруге мәжбүр болған. Нутрициолог бұл жобаға қатысудан бас тартқанын жеткізді.

Ұсыныс кімнен түскен?

Фейсбук қолданушысы Қазбек БЕЙСЕБАЕВ мұндай ұсыныстардың Galamat Media, Kazpress, Kaztwitter сынды 40-тан астам жаңалықтар мен ойын-сауық аккаунттарынан түскені туралы жазады.

Читайте также
Қазақтар ақырындап Қазақстаннан қашып жатыр

“Біз Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін енгізудің артықшылықтарын талқылауға арналған жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Сіздерді осы науқанға қатысуға шақырамыз. Осы тақырыпта Reels түсіріп, онда өзіңіздің кәсіби салаңызға сүйене отырып, бірыңғай уақыт белдеуінің ықтимал оң аспектілері туралы айтсаңыз, - делінген медиа-компания өкілдері жіберген хабарламада.

Компания нутрициологтар мен медицина мамандарынан уақыт белдеуінің пайдасы туралы жазса, барынша қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізген.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары дәл осы жағдай блогерлердің халық алдындағы адалдығын тексеруге мүмкіндік беретінін айтуда. Ал кей блогерлер әлеуметтік желілерде UTC+5-тің пайдасы туралы жарыса жаза жөнелген.

Олардың айтуынша, жаңа уақыт белдеуіне адамдар 4-5 айдан кейін үйренеді. Сол уақытта адаптация аяқталып, адамдар өзінің циркадты ырғағына түсіп, үйлесімді өмір сүре бастайды-мыс.

Уақыт белдеуіне қатысты жағымды ақпарат таратуды сұраған Galamat Media ЖШС-ның құрылтайшысы Абай СЕРҒАЗИЕВ. Серғазиев біршама медиажобалардың авторы. Парақшасында 57 мыңнан астам оқырманы бар. Жоғарыда аталған Kazpress инста парақшасы осы компанияға тиесілі болып шықты. Бұл парақшаға 957 мыңнан астам қолданушы тіркелген. Ал Kaztwitter парақшасы Tik-Tok платформасында орналасқан. Бұл парақшаның 1,1 млн-нан астам қолданушысы бар.

Фото: Shutterstock/kz.kursiv.media.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
4 февраля Всемирный день борьбы с раковыми заболеваниями
Цель дня – напомнить о масштабах онкологических заболеваний, важности профилактики, ранней диагностики и доступного лечения