Жаңа заң: Саяжайда аумағы 50 шаршы метрден асатын үй салуға болмайды

2022 просмотров
0
Ратель
Вторник, 28 Янв 2025, 14:00

Қазір елдегі саяжайларда 40 мың адам тұрып жатыр

Читайте также
Ауыл имамы 15 жастағы қыз бен жас жігіттің некесін қиған

Елімізде енді саяжайларда салынатын баспаналардың аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс. Өнеркәсіп министрлігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Информбюро 31.

Жауапты ведомство өкілдері бұл саяжайларда халықтың тұрақтап қалуына тыйым салу үшін жасалған шектеу деп отыр.

Ал көпшілік қала ішінен баспана салуға жер таппағандықтан немесе қаражатымыз жетпеген соң амалсыз саяжайға көшіп барамыз дейді. Сондықтан тұрғындар министрліктің жаңа талабы ойға қонымсыз деген пікірде.

Биылдан бастап тұрғындар саяжайда салынатын баспананың аумағын бекіту үшін әкімдіктен рұқсат алу керек. Яғни жаңа заң нормасына сай, үй көлемі 50 шаршы метрден аспауы тиіс.

Бұл өзгеріспен көпшілік мүлдем келіспейді. Өйткені қаншама жылдан бері жер телімінің кезегін күтуден шаршап, саяжайға қоныстанып жатқандар жетерлік. Бір отбасы үшін әкімдік бекіткен қуықтай үйде тұру мүмкін емес. Сондықтан әркім өз қалауындағы баспананы салуға құқылы дейді.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері шектеуді халықтың қауіпсіздігі үшін енгіздік деген уәж айтады. Яғни, саяжайлар халықтың тұрақты тұруына арналмаған. Сондықтан тек жылы мезгілдерде бау- бақша егіп, шаруашылығын баптау үшін бекітілген баспана аумағы азаматтарға жеткілікті дейді.

Читайте также
Бензин мен дизель бағасы ай сайын аздап өсетін болды

- Әлеуметтік тұрғыдан осал топтар көп жағдайда саяжайларды тұрақты тұруға пайдаланады. Алайда, бұл үйлер қыс мезгіліне бейімделмеген, олардың коммуникациялық жүйелері суық кезеңде өшіріледі. Сондықтан қысқы мезгілде өрт қаупі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін саяжайларды тұрақты тұруға пайдалануға тыйым салу қажет болды, - дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал құрылыс саласының маманы Манарбек ЕСПЕНБЕТОВ жаңашылдық азаматтардың құқығын шектеу дейді. Айтуынша, шенеуніктер елімізде ұзақ жылдар бойы шешілмеген саяжайлардың мәселесінен қашып, халыққа осындай талап қойып отыр.

- Өте қолайсыз. 50 шаршы метр дегенің 10-5 метр. Ол кішкентай ғана үй. Орысша айтқанда времянка. Халыққа жағдай жасау керек қой. Олар енді үкіметтен ақша сұрап отырған жоқ маған дача салып бер деп. Өзінің ақшасына салады. Шектеу қою деген дұрыс емес. Менің ойымша, үкімет сол жерге инфрақұрылым апарудан, жол, газ, су апарудан басын алып қашып отырған тірлік деп ойлап отырмын, - дейді сарапшы Манарбек Еспенбетов.

Айта кетейік, заңға енгізілген өзгерістің бұған дейін салынған баспаналарға қатысы жоқ. Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметіне сүйенсек, қазір елдегі саяжайларда 40 мың адам тұрып жатыр.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Украина: политическая лаборатория и цена несостоявшегося мира
Дальнейшее затягивание российско-украинского конфликта создает для Астаны больше рисков
Питон, победивший рак, штрафы до $20 млрд за соцсети для детей, древности Египта и большая геополитика
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай