Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден беріледі

1641 просмотров
0
Ратель
Вторник, 19 Апр 2022, 12:00

Бір жыл ішінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 278 адамға азайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір елімізде қанша Ұлы Отан соғысының ардагері тұратынын хабарлады.

"2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 қатысушысы мен мүгедегі тұрады", - делінген министрліктің Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берген жауабында.

Читайте также
"Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры екі айға қамауға алынды

Ал бір жыл бұрын дәл осы уақытта елімізде Ұлы Отан соғысының 665 ардагері мен соғыс кезінде мүгедек болған адам тұрған. Осылайша олардың саны бір жылда 278 адамға азайды.

Сондай-ақ 2022 жылдың бірінші сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда ҰОС жеңісіне үлес қосқан 72 468 азамат тұрады, оның ішінде:

  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 91 адам;

  • концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары – 205;

  • қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі (күйеуі) – 2 918;

  • ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6;

  • тыл еңбеккерлері – 69 248.

ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар қандай төлемдер алады деген сұраққа еңбек министрлігі бұл мәселені әр өңір әкімдігі өз бетінше шешетінін айтты. Алайда министрліктің ұсынымдарына сәйкес, барлық өңірде кемінде бір рет материалдық көмек көрсету көзделген:

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 миллион теңге;

  • концлагерьлердің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 100 мың теңге;

  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 60 мың теңге;

  • ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйеліне (күйеуіне) және тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.

Фото: elorda.info.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд