Жер сілкінісі: оңтүстік өңірлерде газ құбырларының жарылу қаупі бар

1072 просмотров
0
Ратель
Четверг, 01 Фев 2024, 13:00

Газ құбырындағы ақауды қалпына келтіру үшін 170 жеке үй көгілдір отыннан уақытша ажыратылды

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ еліміздің оңтүстік өңірлерінде газ құбырларының жарылу қаупі бар екендігін мәлімдеді.

Читайте также
Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады – заң жобасы

Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларын, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарын қамтыған жер сілкінісі салдарынан "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ газ құбырларының жарылуы мен газдың ауаға таралуы сияқты оқиғалардың орын алу қаупі туындауда. Бұл өңірлерде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары жер дүмпуі орын алған сәттен бастап газ құбырлары мен жабдықтарын мұқият тексеріп жатыр. Жер сілкінісінің алғашқы күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қайнар елді мекенінде орташа қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға таралып жатқаны анықталған. Салдарынан Ордабасы ауданының 7 елді мекеніне газ беру уақытша тоқтатылып, шұғыл түрде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар көп ұзамай көгілдір отынмен қайта қамтамасыз етілді", - деп атап өтеді компаниядан.

Жер сілкінісінен кейінгі алдын алу жұмыс ретінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тағы әріптестерімен бірлесіп, Алматы өндірістік филиалының газ тасымалдау және тарату жүйелерінің, жерасты газ құдықтарының жағдайын тексерістен өткізген.

"Осындай шұғыл іс-қимылдардың арқасында кеше Алматыда газдың ауаға таралуын жедел анықтайтын "ДЛС-Пергам" мобильді зертханасы орташа қысымды жерасты газ құбырынан газдың ауаға таралып жатқанын анықтады. Газ құбырындағы ақауды қалпына келтіру үшін 170 жеке үй көгілдір отыннан уақытша ажыратылды. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары түні бойы барлық шұғыл жұмыстарды атқарып, таң ата абоненттерге қайтадан газды қоса бастады. Осылайша ауаға газ тарағаны анықталған жағдайда ақаулы орынды жөндеу үшін сол аумақтағы газ тұтынушылары уақытша "көгілдір отыннан" ажыратылады. Газдың ескертілмей өшірілуіне, яғни мұндай мәжбүрлі түрде ажыратылуына тұрғындардан түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деп нақтылайды мекемеден.

Фото: Kazinform.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе