Жылу электр орталығындағы апат: Тоқаев әкімге шұғыл тапсырма берді

1728 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 21 Мар 2022, 11:00

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апаттан кейін облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Читайте также
Министрлік астық тапшылығына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

"Бүгін таңертең президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылуэлектр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады", - деп жазды Берік Уәли.

Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген, деп хабарлайд Sputnik.

Компания басшысы – жылуэлектр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.

"Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды", - дейді Уәли.

Еске сала кетейік, кеше Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы апаттан кейін қараушы-машинист жоғалып кеткенін хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды.

ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд