Қызылордада белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

4962 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Среда, 04 Мар 2020, 09:40

72 жастағы Тынымбай Баженов жиһаз және кеңсе тауарлары кәсібімен айналысатын

Қызылордада белгілі кәсіпкер Тынымбай БАЖЕНОВ айдың-күннің аманында жоғалып кетті. Әлі күнге дейін бір дерек жоқ. Кәсіпкердің туыстары полициядан қайран болмаған соң, еріктілерден құралған топпен бірге іздеу жұмыстарын жүргізуде.

...Тынымбай Баженов ақпанның 15 күні таңертең сағат 5-те үйінен жаттығу жасап, әдеттегідей бой жазып жүгіру үшін шыққан. Дария жағалауына жақын жердегі бейнекамералар оның шыққан жолын көрсетіп тұр, алайда үйіне қарай қайтар жолда оның сұлбасы мүлдем көрінбейді.

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Күнде 1-1,5 сағаттай бой сергітіп оралатын отағасының кешіккенінен секемденген отбасы мүшелері оның телефонына хабарласқан. Алайда ол телефонын үйде қалдырып кеткен болып шықты. Полицияға хабарланды. Жан-жақтағы туған-туыстары жиналды. Әділдігін айту керек, жерлестер де қол қусырып қарап қалған жоқ, бұл деректі ести салысымен еріктілер жасағы құрылып, сол аумақтан бастап, қаланың біраз бөлігін шолып шықты. Іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, ауа райының қолайлы, қолайсыз екеніне қарамастан қызылордалықтар жылы киініп, ас-суын қамдап төңірек біткеннің бәрін шолуда. Сол басталған күннен сауап істі ұйымдастырып, басы-қасында белгілі қоғам жанашыры Серік ЕРІМБЕТОВ былай дейді:

- Тынымбай ағаны адамгершілігі зор, белсенді азаматтық позициясы бар адам ретінде білеміз, сондықтан әлеуметтік желі арқылы қызылордалықтарға үндеу тастап, еріктілер жасағын құрып, күнделікті күндіз және кешке қаланы периметр бойынша бөліп алып, зерделеп жүрміз. Бұл біздің азаматтық парызымыз деп санаймын.

Облыстық полиция департаменті Т.Баженовтың іздестіріліп жатқанын ғана жариялады, басқа мәлімет бермей отыр.

Ал, облыстық прокуратура: "Баженовтың белгісіз бағытқа жоғалып кетуіне байланысты 24 ақпанда кісі өлімі жөніндегі сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес ҚР ҚК 99 бабымен (кісі өлтіру) сараланды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.Қылмыстық іс облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер басқармасы басшыларының қатаң бақылауында", - деген мәлімет таратты.

Читайте также
Жалғыз аяқпен жанұясын асырап жүр

- Әкеміз із-түссіз жоғалып кетті деген хабарды естігелі бәрімізден маза кетті. Әншейінде уақыт жетпейтін сияқты көрінетін еді, енді тіпті сол уақыт мүлдем орнынан жылжымай қалғандай. Әр сағат бір ғасырдай созылуда. Бұл өмірде ең қиыны: туған адамыңнан хабар-ошарсыз қалған қиын екен. Тіршіліктің мәні кетті..., - дейді Тынымбай Баженовтың қызы Ғайни БАЖЕНОВА.

Ғайни Алматыда тұрады, әкесі туралы хабар естісімен дереу Қызылордаға ұшып келген. 

-Көріпкелі бар ма, құмалақшысы бар ма бәрін жағалап, "суға кеткен тал қармайды" демекші, әйтеуір жұрт пәлен жерде түгеншеге барып көріңдер деген деректің бәрін түгендеп жүрміз, - дейді бізбен әңгімесінде Т.Баженовтың туған інісі Үсен БАЖЕНОВ. – Көбісінің айтатыны: "жарақаты бар, біреулер ұстап отыр, тірі" деген дерек. Ешкімге қарызы жоқ, адам баласына иттік жасаған кісі емес. Қайта қайырымдылық қарекетімен аты шыққан азамат. Әулетте бәрінің басын қосатын, ақылын айтатын, проблема болса шешетін мыңболғыр адам. Алғаны тек алғыс еді... Тісін қайраған кісі баласы жоқ оған.

Туысқандарының ойына «оны көлік қағып, жүргізуші жазадан қашып, басқа жаққа алып кеткен де болуы мүмкін» деген күдік ұялайды. Енді бірі "малшы шаруашылыққа жалшы іздегендер алып кеткен шығар" деген жорамалды да жоққа шығармайды.

Бұл істе күдік те, үміт те басым болып тұр.

Читайте также
Когда проснётся казах

Айта кетейік, 72 жастағы Тынымбай Баженов жиһаз және кеңсе тауарлары кәсібімен айналысатын. Соңғы жылдары бұл кәсібін сенімді басқаруға інісі Үсен Баженовке біржолата тапсырған.

-Біз көкеміз Тынымбай Баженов туралы қандай да бір дерек білетін кісілер болса,  мына телефондарға 8-701-404-09-72 ДӘУРЕН, 8-777-220-25-94 ҒАЙНИ хабарласуын сұраймыз. Ақпаратты анонимді сақтауға және қомақты сыйақы төлеуге кепілдік береміз, - дейді Т.Баженовтың бауыры Дәурен ӘБІШЕВ.

Құтқарушылар сол маңдағы дария табанын толық зерделеп шыққан. Табылмапты. Соңғы жылдары Сырдария табаны таязданып кетті. Сондықтан су түбін шолу қиындық тудырмайды. Айтпақшы, осы кәсіпкер Тынымбай Баженовты іздестіру процесі барысында полиция басқа да қылмыстардың ізін ашуға мүмкіндік алды, - дейді Үсен Баженов. – Қаладан қалтарыс жатқан жерде басқа кісілердің мәйіті табылып жатқан көрінеді...

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Айнұр Тұңғышбаева.

Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента