30 жылда Қазақстан екі, Өзбекстан он стадион салды

1501 просмотров
0
Ратель
Среда, 14 Авг 2024, 14:00

Ал, спортты дамытуға жұмсаған біздің қаражат өзбектерден бірнеше есеге көп

Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін Қазақстан мен Өзбекстан спортын салыстырып жатқандар көп, деп жазады 1bol.kz.

Біздің ел аталған жарысқа қатысқан спортшылардың дайындығына 660 миллион доллар қаражат жұмсаса, өзбектер небәрі 160 миллион долларға шығындалыпты. Есесіне Өзбекстан 8 алтын, Қазақстан 1 алтын медаль еншіледі.

Читайте также
Парижден қайтқандар бюджеттен 1 млрд 48 млн теңге сыйақы алады

Ал, тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстан небәрі екі стадион ғана салған болса, Өзбекстан билігі су жаңа он стадионның құрылысын аяқтап, пайдалануға берген.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек ИСА биыл ақпан айындағы депутаттық сауалында мәлімдеген еді.

Енді Олимпиададан кейін бұл мәселе қайта күн тәртібіне шығып отыр. 

"Соңғы 30 жылда біздің елде небәрі 2 стадион салыныпты. Ал, көрші Өзбекстанда еуростандартқа сай келетін 10 стадион пайдалануға берілген. Біздің спортқа бөліп жатқан қаражат қайда кетіп жатқанын білесіздер ме? Мен сіздерге айтайын, ол ақшаның көп бөлігін біз легионерлерге жұмсап жатырмыз", - деген еді Қазыбек Иса.

Қазақстан салған екі стадионның бірі – "Астана Арена", екіншісі – "Түркістан Арена". Соңғысы ашылмай жатып жабылып қалғаны жұрттың есінде.

Небәрі бір матч өткеннен кейін алаң футбол ойнауға жарамайтыны белгілі болды. 

Фото: darakchi.uz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР! 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд