Қару-жарақ қоймасының бастығы патрон сатпақ болды

2469 просмотров
0
Данил Шемратов
Суббота, 22 Мар 2025, 13:30

20 патрон үшін 400 мың теңге сұрағаны қалай кетті

Шымкент гарнизоны әскери сотында Оңтүстік аймағындағы әскери бөлімдердің бірінде қару-жарақ қоймасының бастығы лауазымын атқарған 30 жастағы Бақыт ЕРКЕБҰЛАНҒА қатысты қылмыстық іс қаралды.

Читайте также
Ағамыз 60 жасында арақты қойды

Б.Еркебұлан Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі мен 291-бабы 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес қару-жарақтарды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және қызметтік жағдайын пайдаланып оқ-дәрі ұрлау қылмысымен айыпталды.

Еркебұлан былтыр 22 қарашада түрлі калибрлі 20 патронды 400 000 теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталған болатын.

Тергеу анықтағандай, карулы күштерде келісімшартпен қызмет еткен Еркебұлан жарты жыл бұрын қару-жарақ қоймасының аға сақшысы қызметіне тағайындалып, барлық материалдық жауапкершілікті мойнына алған. Қызмет барысында ол арсеналдан 7,62 мм ЛПС калибрлі 5 патронды (жеңіл оқ), 7,62 мм Т-46 калибрлі 5 патронды (трассирлік оқ) және 5,45 мм ПС калибрлі 10 патронды ұрлап, онысын ешкімге айтпай, патрондарды әскери бөлімнен алып шығып, сатып алушы іздей бастаған. Ақыры "Калашников" патрондарын алғысы келетін адамды тапты. Бірақ әлгі кісі ҰҚК қызметкері болып шықты.
Айыпталушының айтуынша, ол қару-жарақ пен оқ-дәрілерді түгендеу кезінде қоймада осы 20 патронның артық екенін анықтаған. Оны оқу-жаттығу кезінде үнемделген оқтар деп ойлаған қоймашы есеп-қисапты бұзбау үшін қойма жанындағы контейнерге тығып, атылған гильзалар ретінде көрсетіп қойыпты. Одан соң патрондарды өзі ұрлап әкеткен.
Сотта ол кінәсін мойындады. Әскери сот екі бапты да дәлелденген деп танып, айыпталушыны шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Енді экс-әскери қызметкер "сержант" әскери атағынан айырылып, процессуалдық шығындарды төлейді және зардап шеккендерге өтемақы қорына 77 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Бірақ оның апелляциялық шағым түсіру құқығы әлі бар.

Фото: depositphotos.com.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай