Дастан Сәтпаев Қазақстан футболы тарихында рекорд орнатты

1849 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 23 Мар 2025, 12:00

Дастан Сәтпаев — сондай-ақ 17 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны

Алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасы тарихында бірегей нәтижеге қол жеткізді.

Читайте также
Қару-жарақ қоймасының бастығы патрон сатпақ болды

Дастан Сәтпаев футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өткен матчта 74-минутта алаңға шықты.

Ол 16 жас 7 айға толған мерзімде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізіп, рекорд орнатты.

Бұдан бұрын үздік көрсеткіш Жамбыл Көкеевке (17 жас 4 ай) тиесілі еді. 

"Қайрат" футбол академиясының түлегі 2024 жылдың қараша айында лондондық "Челси" клубында қаралымнан өтті. Биыл ақпанда "Челси" оны 4,3 млн еуроға сатып алды, бұл Қазақстан футболы тарихында рекорд болып есептеледі. Келісімшарт 5 жылға есептелген. Бірақ 18 жасқа толғанша Дастан "Қайратта" қалады.

Биыл 2 наурызда Дастан Сәтпаев "Астанамен" өткен ойында 37-минутта жарақат алған Элдер Сантананың орнына шығып, Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соғып, таразы басын теңестірді. 

Дастан Сәтпаев — сондай-ақ 17 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны.

Фото: КФФ.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В ВКО усилили контроль за строительством: штрафы и проверки растут